АЛДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАР АУҚЫМДЫ

96

0

АЛДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАР АУҚЫМДЫ

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті 29 сессиясы болып өтті. Оған депутат Абзал Ералиев төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібіне сай Қызылорда облысы әкімінің өзіне жүктелген функция­лар
мен міндеттердің орындалуы жайлы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өзінің есепті
баяндамасын жасады. (Баяндаманың толық
нұсқасы бүгінгі нөмірде жарияланып отыр)
. Аймақ басшысы баяндамасын
жасап болғаннан кейін жарыссөздер басталды.

Жарыссөзге
шыққандардың барлығы да алғашқы жартыжылдықта атқарылған жұмыстарға лайықты
баға берді. Әсіресе, облыстың келешек дамуы үшін тау-кен саласы өндірісін
дамыту, металлургия кластерін қолға алудың маңыздылығы өте жоғары екенін ерекше
атап өтті. Мұндай пікірлерді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы,
облыстық мәслихат депутаттары Қылышбай Бисенов, Әбдіқадір Ергешбаев білдірсе,
«Шалқия” кешенінің директоры Мақсұт Жайсаңбаев «Байқоңыр” ӘКК” АҚ-ның департамент директоры Ғалым Әбілдаев
сессияға қатысушыларға облыс әкімі тапсырмасы бойынша осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы қосымша мәліметтер
берді.

Сессияда денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар жайлы
сала басшысы Сапар Рахменшеев хабардар етсе, аймақтағы газдандыру жұмыстарының
келешегі жайлы «ҚазТрансГазАймақ” АҚ директорының орынбасары Еркен Қасеев
баяндады.

Сессияның
күн тәртібіне сай келесі мәселе «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет
туралы Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №164
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, облыстық экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы С.Құлымбетова хабарлама жасады.
Депутаттар бюджеттік өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады. Сессияның күн
тәртібіндегі басқа да мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия
соңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев депутаттарға сөз арнап, жасалып жатқан
еңбек те, абырой да ортақ екенін жеткізді. Ол Сыр елінің болашағы үшін ортаға
салынып жатқан ұсыныстар мен жүргізіліп жатқан жұмыстарға халық қалаулыларының
әрқашанда мемлекеттік көзқараспен қарап, қолдау білдіріп келе жатқандарына
ризашылығын жеткізді.

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз