АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР НАҚТЫЛАНДЫ

42

0

«Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық
коммуникация орталығында облыстық ішкі саясат басқармасының алқа мәжілісі
өткізілді. Мәжілісті күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралып, ол мамандар
тарапынан жан-жақты талқыланды.

Облыстық ішкі саясат басқармасы
басшысының орынбасары Айдын Қайруллаев жүргізген шара барысында сала бойынша
Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарының жұмыстары жан-жақты таразыға
тартылды. Бірқатар жұмыстар бойынша сындар
да айтылды. Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов
атқарған жұмыстар мен алдағы міндеттер жайында айтып берді.

Сондай-ақ, мәжіліс барысында аудандық ішкі саясат бөлімдерінің
келешектегі жоспарлары мен әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында әңгімеленді

 

Республикалық
БАҚ басшылары 
«Сыр
медиада» болды

Кеше Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев бастаған
республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жетекшілік жасайтын бірқатар
қаламгерлер Сыр өңіріне келді. Олар облыс орталығындағы біршама әлеуметтік
нысандарды аралап көрді.

Республикалық БАҚ басшылары Т.Жүргенов атындағы Шығармашылық үйінде
орын тепкен «Сыр медиа» ЖШС ғимаратын аралады. Қонақтарды серіктестік директоры
Аманжол Оңғарбаев ұжымның жұмыс барысымен таныстырды. Жүздесуде «Айқын»
газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Түркістан» газетінің бас редакторы
Шамшидин Паттеев, «Қазақстан және Түркия іскерлері» қоғамының бас хатшысы Ахмет
Аляз облыстық және аудандық газеттердің
басын қосып, олардың сапалы басып шығарылуына оң әсерін тигізіп отырған
серіктестіктің алдағы істеріне тілектестігін білдірді. Қонақтар бүгінгі күн
талаптарына сай келетін баспахана жұмысына да зер салды.

Облысқа арнайы келген қонақтар серіктестік құрамындағы бірқатар басылым
ұжымымен кездесті.

 

Ә.ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз