Алматы мектебінде 7 бала бұрыш баллонынан уланып ауруханаға түсті

633

0

Фото: ашық дереккөз

Алматыдағы №96 мектептің 7 оқушысы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 29 наурыз күні мектеп дәретханасында үзіліс кезінде болған.

«29 наурыз күні полиция бөлімшесіне Алмалы ауданында орналасқан №96 жалпыға білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы, қоңырау уақытында дәретханада баллоннан бұрыш шашып, соның салдарынан жанында тұрған оқушыларға иіс тиіп, уланғаны туралы хабар түсті. 7 оқушы жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.

Аталған дерек бойынша, Алмалы аудандық полиция басқармасы оқушының ата-анасына ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 127-бабына сәйкес шара қолданады.

Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<