Алты жобаға қолдау көрсетілді

43

0

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 86 млн. теңгеден асатын 6 жобаға қолдау көрсету мақұлданды.
Кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктен алған несиелерін мемлекет тарапынан субсидиялауға мүмкіндік алды. Аталған жеңілдікке ие болған кәсіпорындар «Allur auto Қызылорда»,  «Зерновая Долина» ЖШС  және «Қылышты баба», «Түлендиев», «Төлегенов», «Шаханова» ЖК өз несиелерінің 7 пайызын арзандатуға қол жеткізді. Олардың үшеуі «БЖК-2020» бағдарламасының бөлшек кепілдігіне де ие болады. Кеңес отырысында жеке кәсіпкерлер Рамазан Алтаев, Ерніс Түлендиев және Мейірхан Төлегеновтің жобалары мемлекет қолдау шеңберінде  «Даму» қоры тарапынан кепілдік алуға мақұлданды.
Айта кету керек, жеке кәсіпкер Рамазан Алтаев 2013 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Қызылорда облысының әкімдігі бастауыш кәсіпкердің Сырдария өзені жағалауында экологиялық туризмді дамыту жобасын қолдап, оны жүзеге асыруға тиісті қаражатты бөлді. Кәсіпкердің сөзінше, гранттық қаражат бастауыш кәсіпкерлерге таптырмас көмек. Қаржының көмегімен шағын болса да, ерекше бизнесіңді ашуға болады. Дегенмен, кәсіпкер ашқан бизнесін әрі қарай дамыту үшін бастауыш кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Халық Бизнес Старт» бағдарламасы аясында несие алуды жөн көрді.  «Даму» қоры «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырып жатқан бағдарлама бойынша  кәсіпкер Қор тарапынан 70%-ға дейін кепілдік алады. Сонымен қатар бастауыш кәсіпкерлердің «Қазақстан Халық Банкінен»    алған несиесін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында субсидиялауға да мүмкіндіктері бар.
М.МЕРЕЙ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз