АЛТЫ ЖЫЛДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС АТҚАРЫЛДЫ

39

0

Еліміз бойынша «Мектепке жол» акциясы өткізіліп келе жатқан 6 жылда 2 млн.-ға жуық бала материалдық көмек алды. Бұл деректі кеше Астанада өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев айтты.

– Акцияны өткізіп келе жатқан 6 жыл ішінде 2 миллионға жуық бала шамамен 8 миллиард 300 миллион теңгенің материалдық көмегін алды. Акцияның басты мақсаттарының бірі – әкімдіктерді, білім беру органдарын, мәслихаттарды, меценаттар мен демеушілерді және де бұқаралық ақпарат құралдарын мектеп жасындағы балаларға көмек қолын созуға шақыру болды. Мәселен, акция басталғалы меценаттар мен демеушілер мұқтаж балаларға жалпы сомасы 3,3 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетті, – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша,
«Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қоры, «ҚазАэроСервис», «КЕГОК»,
«Азық-түлік корпорациясы» акционерлік қоғамдары мен «КарТел» компаниясы
акцияның тұрақты серіктестері болып келеді.

Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз