«АҚНИЕТ» АУЫЛ КәСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚОЛДАУШЫСЫ

41

0

«АҚНИЕТ» АУЫЛ КәСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚОЛДАУШЫСЫ

Кеше Қызылорда қаласын­дағы «Номад»
мейрамханасында «Ақниет» бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылғы конкурс
жүлдегерлеріне грант куәліктерін тапсыру салтанаты өтті. Аталмыш шара алдында
бағдарлама бойынша былтыр жеңімпаз болған кәсіпкерлер жасаған туындылардың көрмесі
болды.

Бұл шараға облыс әкімі Қырымбек
Көшербаев, «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис Б.В.»
компаниясының Қазақстан филиалының
директоры Андрей Прокофьевич Кириллов, аталмыш бағдарлама жүзеге асып жатқан
аудандардың әкімдері қатысты. «Ақниет» бағдарламасы қоғамдық-экономикалық мәні
бар және ауылдың инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың өміріне қажетті
жағдайлар туғызуға, азаматтардың бастамасын жүзеге асыруға бағытталған.

– Бағдарлама бойынша жұмыстар өткен
жылдан басталды, – деді облыс әкімі жұртшылық алдында. – Аз ғана уақытта ол
тиімділігін дәлелдеп, оған жергілікті халықтың қызығушылығы артты. Соның
нәтижесінде елдің ішінде өз ісін жүргізуге ниет жасаған тұрғындар саны көбейді.
Алыс-жақындағы жұртқа аты белгілі компания осы бағыттағы ұсынысты қолдап, кәсіпкерлер
қатарын көбейтуге өз үлесін қосып келеді. Осы орайда компания басшыларына ізгі
лебізімізді білдіре кеткеніміз дұрыс. Өткен жылы облыстың
әлеуметтік-экономикалық даму барысында оң өзгерістер қалыптасты. Құрылыс
қарқынды жүріп, инвестиция тарту мәселесінде игілікті істер атқарылды. Салық
көлемі де көбейді. Тағы бір қуанарлығы, облыс аудандарының ерекшелігіне сәйкес
даму бағыттары айқындалып отыр. Мәселен, аймақтың оңтүстік өңірлерінде
металлургия кластері кеңінен өріс алады деген үміт бар. Байқоңыр өңірінде ғарыш
туризмін дамыта отырып, өзге де
жобаларды жүзеге асыруды ойластырып отырмыз.

Облыс басшысы одан әрі аймақтың өрісін
кеңейтуде көптеген іс-шаралар атқарылатынына тоқталды. Шығыс пен Батыстың
арасын жалғаған күретамыр – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік
дәлізі облыс аумағындағы кәсіпкерлік саланы дамытуға оң септігін тигізетін
болады. Сондай-ақ, ауылды қолдау арқылы жергілікті тұрғындардың жағдайын
жақсартуға мүмкіндік туады.

«АҚНИЕТ» АУЫЛ КәСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚОЛДАУШЫСЫҮстіміздегі жылғы «Ақниет»
бағдарламасы аясында жарияланған өтініш конкурсына 6 номинация бойынша 1151
өтініш түсті. Олар «Қоғамдық кәсіпкер», «Жаңалық», «Қолөнер», мүмкіндігі
шектеулі адамдар үшін «Қамқор», ауыл жастары үшін «Бастама», көпбалалы немесе
жағдайы төмен отбасының ата-аналары, жалғызбасты аналар үшін «Игілік»
номинациясы бойынша қажетті қаржылар берілді. Жүлдегерлер саны 97 адамды
құрайды. Олар жақын арада «ЛУКОЙЛ» компаниясынан тегін
гранттарды алады.

Жобаларды жүзеге асыру
нәтижесінде Қызылорда облысында 9 шаштараз, 12 тігін цехы, 5 наубайхана,
4 дәріхана, 4 фотосалон, 5 жиһаз цехы, 4 ТҚКО, 4 жаттықтыру залы, 3 балалар
ойын-сауық алаңы, ағылшын оқу орталығы, компьютер орталығы, стоматология
кабинеттері, балабақшалар және өзге де халыққа қажетті орындар ашылатын болды.
Іс-шараға қатысушылар 2013 жылғы «Ақниет» бағдарламасы шегінде жүзеге асырылған
жобалармен де таныс­ты. «Ақниет» бағдарламасы шегінде жобалардың жүзеге
асырылуы облыстың Жалағаш, Қармақшы және Сырдария аудандарында кіші бизнес
өндірісін ашуға және дамытуға көмектеседі.

 

Ә.Үмбет.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз