Ант мүшелері Қазалыда болды

68

0

Республикалық ақпараттық-на­­си­хат­­тық топ мүшелері Қазалы ауда­нында жұртшылықпен жүз­десті.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен кездесуге ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асау­баев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықов, облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жолдасов қатысты.

Аудан басшысы Жолдауда айтылған 10 міндеттің маңыздылығына тоқталды. Кездесу барысында топ мүшелері Жолдаудың ел өмірінде айрықша орын алатынын атап өтті. Сондай-ақ, құжаттағы негізгі бағыттар әлеуметтік және технологиялық салалардағы терең және қарқынды өзгерістерге бейімделуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Жүздесу барысында АНТ мүшелері қатысушылар сауалдарына жауап берді.

 

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз