АРАЛДА Т.ШЕВЧЕНКОНЫҢ ЕСКЕРТКІШ-БЮСТІ АШЫЛДЫ

56

0

Арал қаласындағы №13 орта мектептің жанынан тағдыры Арал өмірімен тығыз
байланысты болған Тарас Шевченконың ескерткіш бюсті ашылды. Бұл арқалы ақынның
200 жыл толуына орай өткізілді.

Салтанатты
рәсім барысында аудан әкімі Абзал Мұхимов жұртшылықты ақын мерейтойымен
құттықтады. Ескерткіштің ашылу салтанатына аудан ардагерлері мен білім
саласының қызметкерлері, мектеп оқушылары қатысты. Мектеп ғимаратының акт
залында ақын шығармаларының тұсаукесері өткізіліп, Қазақстандағы Украин елшілігінің
Алматыдағы кон­сулы С.Бобошкомен кездесу ұйым­дастырылды.

Сондай-ақ,
ақынның «Қосарал», «Заповед» өлең жырлары оқылып, естелік сөздері айтылды. Оның
артында өз халқы ғана емес, қазақ халқы да құрметтеп, еске алатындай мол мұра
қалды. Украин мен қазақ халқының арасындағы достық елшісіндей болған Тарас
Шевченко есімі мәңгі есте сақталады.

Ә.ТАЛАПТАН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз