ҚАРМАҚШЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

56

1

БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

Әлемдік
мұралар тізіміне енген киелі орын – Түркістан қаласына қармақшылық ардагерлер
ат бастарын бұрды. Имандылық шарасына аудан әкімдігі қолдау көрсетіп,
демеушілік жасаған. Рамазан айына орайластырылған зияратшылар тобын аудан
әкімінің орынбасары А.Қаржаубаев бастап барған.

Қармақшылық
ардагерлер Арыстан баб әулиенің мешітінде болып, аруақтарға құран бағыштап,
құрбандық шалды. Мұнан кейін олар Арыстан баб кесенесінде аялдап, әулиенің
рухына құран оқып, емдік шипасы бар құдық суынан дәм татты. Қожа Ахмет Яссауи
бабаның кесенесінде болып, рамазан айының қадір-қасиеті туралы өсиетнамалар
алды.

«ГРАН-ПРИ” ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Жақында
«Бейбітшілік әлемі” халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің
ұйымдастыруымен Қырғызстан Республикасы Шолпан ата қаласында «Ыстықкөл-2014” ІІ халықаралық балалар
мен жасөспірімдер фестивалі болып өтті.

Аталмыш фестивалға аудандағы №121
орта мектебінің оқушысы Фариза Каммунаева, ұстазы Гүлмира Дошанова және №250
мектеп-лицейінің оқушысы Гүлнұр Алмасбековалар қатысқан.

Осы мәдени шара аясында ән байқауы
бойынша өз өнерін сарапқа салған Ф.Каммунаева «Гран-при” иегері атанса,
Г.Дошанова, Г.Алмасбекова және А.Өткелбаевалар «Ғылым және өмір” атты
халықаралық ғылыми конференцияда үздік ғылым болары негізінде І дәрежелі
дипломмен марапатталған.

Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.

Қармақшы ауданы.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз