ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ…

53

0

Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздіктің 23 жылдық мерекесін атап өтуге
арналған облыс әкімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес денсаулық саласы бойынша
1-8 желтоқсан аралығында облыс көлеміндегі емдеу алдын алу мекемелерінде «Дені
саудың – жаны сау» ұранымен «Ашық есік» күндері
жарияланып, түрлі іс-шаралар
өткізілгені белгілі. Осының аясында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру
орталығының ұйымдастыруымен қалалық ардагерлер үйінде ардагерлер мен
зейнеткерлердің денсаулығын бақылау мақсатында тегін медициналық тексеру өткізілді.

Елбасымыз «Ата-анаға құрметпен қарап, алаңсыз қарттық
сыйлау, ұрпаққа қамқорлық жасау – әрбір адамның қасиетті борышы» деп бүгінгі
буынға үлкен міндет жүктеді. Сарабдал саясаттың арқасында қоғамымызда қарттарға
көрсетілетін қамқорлық артып келеді. Игі шарада ардагерлерге терапевт,
невропатолог, отоларинголог, окулист, диетолог, психолог мамандары дәрігерлік
бақылау жүргізді. Сонымен қатар,
қарияларға қан қысымын өлшеу және қандағы қант, холестерин мөлшерін анықтау
қызметтері көрсетіліп, рентгендік тексерулерден жүргізілді.

Зейнетке шыққан
кісілерде жиі кездесетін күйзелістің алдын алу мақсатында психолог маманы «Ақсұңқар» психодиагностикалық ап­па­раты
арқылы мінез бітімдерінің ерекшеліктерін
анықтап, пси­хологиялық кеңестер берсе, диетолог маманы егде тартқан
кісілердің тамақтануы туралы пайдалы кеңестер мен мағлұматтар айтты.

Медициналық тексеру кезінде анықталған қауіп-қатер
факторла­ры бойынша толыққанды кеңестер
беріліп, жергілікті емханаларда жүйелі
мамандар кеңесіне жүгіну керектігі ескертіліп, аурулардың алдын алу
шаралары және саламатты өмір
қағидаларына арналған 1400 дана ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

А.СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз