АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

50

0

Негізгі
азық-түлік өнімдерінің 15 мамырдағы бағасы

 

Облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының ақпараттық-маркетингілік жүйесі арқылы күнделікті негізгі
азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр.

Жүргізілген мониторингтің
нәтижесінде бүгінгі күні ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда
қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын
хабарлаймыз.

Қызылорда қаласы. «Мирас»
сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп – 137, жуа – 165, сәбіз – 75,
қызылша – 100, қырыққабат – 150 теңгеден сатылуда.

Арал ауданы. «Қанағат»
базарының жанынан ашылған әлеуметтік орында қант – 160, күріш – 150, шәй – 1255
ал, жеке кәсіпкер Н.Сапарбаевтың дүкенінде картоп – 120, жуа – 180, сәбіз – 90,
қырыққабат – 150 теңге, өсімдік майының 1 литрі 230 теңгеден сатылуда.

Қазалы ауданы. «Ырыс-Болашақ
және К», «Орын-ай» сауда орындарында жұмыртқа – 17, картоп – 120, жуа – 180,
қырыққабат – 120, сәбіз – 90,
өсімдік майы – 240-250 теңгеден
сатылуда.

Қармақшы ауданы. «Бибінұр»
базары мен «Жандос» дүкенінде картоп –
150, сәбіз – 90, жуа –150, қырыққабат -150 теңгеден сатылуда. ЖК «Ешмұратов»,
ЖК «Жаппасбаев» дүкендерінде І сортты бидай ұны 56 теңгеден сатылуда.

Жалағаш ауданы. «Ақниет» және
«Қаракөз» дүкендерінен І сортты бидай ұны – 55, жұмыртқа – 16, ал тауық етін –
400, өсімдік майын – 230, жуаны 200, сәбізді 90, қырыққабатты 160 теңгеден
алуға болады. Сондай-ақ, «Әділет» базарында ет 1200 теңгеден.

Сырдария ауданы. «Серікбол»
дүкенінде картоп – 130, сәбіз – 85, қырыққабат – 150, жуа – 200, қант – 160-170
теңге. «Коммуналдық» базарында тауық
еті – 400-420, жұмыртқа 16 теңгеден сатылуда.

Шиелі ауданы. «Ә.Шорабаев», базарында
картоп -130, жуа – 200, сәбіз – 80, қырыққабат 150 теңге. Жұмыртқаның 10 данасын – 130, тауық етін – 400 теңгеден
алуыңызға болады. Сонымен қатар, І сортты бидай ұны 60-64 теңгеден сатылып
жатыр.

Жаңақорған
ауданы. «Мағжан», «Заңғар» және «Нұрасыл» дүкендерінде картоп – 130-135, жуа
–180, қырыққабат –150, сәбіз – 80, жұмыртқа – 14, І сортты бидай ұны – 56-60,
тауық еті –385-420 теңгеден сатылса,
«Нұр» базарында ет – 1050 теңге.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз