Арзан баға қайда бар?

294

0

Облыстық ауыл шаруашылығы басқарма­сының ақпараттық-маркетингтік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағала­рына мониторинг жүргізіліп отыр.

Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде 10 қарашадағы бағамен ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.

Қызылорда қаласы бойынша «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде І сортты бидай ұны – 54, қант – 130, күріш – 185, ет – 950, тауық еті – 395, бөлке нан – 35, картоп – 70, жуа – 70, сәбіз – 100, карақұмық – 145, арпа жармасы – 90, сұлы жармасы 135 теңгеден сатылуда.

«Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп кг – 80-85 теңге, жуа кг – 70-75 теңге, сәбіз кг – 80 – 85 теңге, қызылша кг – 120, қырыққабат кг 65-70 теңгеден сатылып жатыр.

Арал ауданы бойынша Арал қаласының «Алтай» базарының кәсіпкері С.Саяновтың дүкенінде қант – 180-190, картоп – 90, жуа – 75-80, сәбіз – 90-100, қырыққабат – 80, ал «Қанағат» базарының жанындағы Н.Сапарбаевтың дүкенінде қант – 180, картоп – 90, жуа – 80, сәбіз – 90-100, қырыққабат – 80, күріш – 200, жұмыртқа 18 теңгеден сатылуда.

Қазалы ауданы бойынша «Ырыс-Болашақ және К», «Орын-ай» сауда орындарында жұмыртқа – 18, картоп – 95, жуа – 80, қырыққабат – 70, сәбіз – 90, өсімдік майы 240-250 теңгеден сатылуда.

Қармақшы ауданы бойынша «Бибінұр» базары мен «Жандос» дүкенінде картоп – 90, сәбіз – 100, жуа – 90, қырыққабат 80 теңгеден сатылып жатыр. ЖК «Ешмұратов», ЖК«Жаппасбаев» дүкендерінде І сортты бидай ұны 56 теңгеден сатылып жатыр.

Жалағаш ауданы бойынша «Ақниет» және «Қаракөз» дүкендерінен І сортты бидай ұны – 57,ақталған күріш –150, жұмыртқа – 18, өсімдік майы – 230-240, жуа – 80, сәбіз – 100, картоп – 90, қырыққабат 80 теңгеден алуға болады. Сондай-ақ, «Әділет» базарында еттің келісі – 1200 теңгеден.

Сырдария ауданы бойынша «Серікбол» дүкенінде картоп – 85, сәбіз – 90, қырыққабат – 80, жуа – 75, қант – 165 теңге, «Коммуналдық» базарында жұмыртқа 18 теңгеден сатылуда.

Шиелі ауданы бойынша «Ә.Шорабаев» базарында картоп – 75, жуа –70, сәбіз – 80, қырыққабат – 80, жұмыртқаның 10 данасын 170 теңгеден алуыңызға болады. Сонымен қатар, І сортты бидай ұны 57 теңгеден саудалануда.

Жаңақорған ауданы бойынша «Мағжан», «Заңғар» және «Нұрасыл»
дүкендерінде картоп – 90, жуа – 80, қырыққабат – 70, сәбіз – 85, окорочка –
450, жұмыртқа 17 теңге болса, ЖК Үсейінов, Нұраділ, Сұңқар дүкендерінде І
сортты бидай ұны 57 теңгеден сатылса, сондай-ақ, «Нұр» базарында ет келісі 1100
теңгеден сатылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз