АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

70

0

Облыстық
ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетинг­тік жүйесі арқылы
күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп
отыр. Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде 14 қарашадағы бағамен ең арзан
өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен
базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.

Қызылорда қаласы бойынша
«Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде І сортты бидай ұны – 54, қант – 130, күріш –
185, ет – 950, тауық еті – 395, бөлке нан – 35, картоп – 80, жуа – 70, сәбіз –
80, карақұмық – 155, арпа жармасы
– 90, сұлы жармасы 135 теңгеден сатылуда.

«Мирас» сауда үйінің
ауласында орналасқан қоймада картоп – 85, жуа
– 80, сәбіз – 85, қызылша – 120, қырыққабат 80 теңгеден сатылып жатыр.

Арал ауданы бойынша Арал
қаласындағы «Алтай» базарының кәсіпкері С.Саяновтың дүкенінде қант – 180-190,
картоп – 90, жуа – 75-80, сәбіз – 90-100, қырыққабат – 80, ал «Қанағат»
базарының жанындағы Н.Сапарбаевтың дүке­нінде қант – 180, картоп – 90, жуа –
80, сәбіз – 90-100, қырыққабат – 80, күріш – 200, жұмыртқа 18 теңгеден сатылуда.

Қазалы ауданы бойынша
«Ырыс-Болашақ және К», «Орын-ай» сауда орындарында жұмыртқа – 18 теңгеден, картоп – 95, жуа – 80,
қырыққабат – 70, сәбіз – 90, өсімдік
майы 240-250 теңгеден сатылуда.

Қармақшы ауданы бойынша
«Бибінұр» базары мен «Жандос» дүкенінде
картоп – 100, сәбіз – 100, жуа – 90, қырыққабат – 80 теңге. ЖК
«Ешмұратов», ЖК «Жаппасбаев» дүкендерінде І сортты бидай ұны 56 теңгеден сатылып жатыр.

Жалағаш ауданы бойынша
«Ақниет» және «Қаракөз» дүкендерінде І
сортты бидай ұны – 57, күріш – 150, жұмыртқа – 18, өсімдік майы – 230-240, жуа – 80, сәбіз – 100, картоп – 90,
қырыққабат – 80 теңгеден. Сондай-ақ, «Әділет» базарында ет 1200 теңгеден сатылып жатыр.

Сырдария ауданы бойынша «Серікбол»
дүкенінде картоп – 85, сәбіз –90, қырыққабат – 80, жуа – 75, қант – 165 теңге.
«Коммуналдық» базарында жұмыртқа 18
теңгеден сатылуда.

Шиелі ауданы бойынша
«Ә.Шорабаев» базарында картоп – 85, жуа –70, сәбіз – 85, қырыққабат – 80,
жұмыртқаның 10 данасын – 170 теңгеден
алуыңызға болады. Сонымен қатар, І сортты бидай ұны 57 теңгеден сатылып жатыр.

Жаңақорған ауданы бойынша «Мағжан», «Заңғар» және «Нұрасыл» дүкендерінде
картоп – 90, жуа – 80, қырыққабат – 70, сәбіз – 85, тауық еті – 450, жұмыртқа –
17 теңге болса, ЖК «Үсейінов», «Нұрәділ», «Сұңқар» дүкендерінде І сортты бидай
ұны 57 теңгеден сатылса, «Нұр»
базарында ет 1100 теңгеден сатылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз