АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

57

0

Облыстық ауыл шаруашылығы басқар­ма­сының
ақпараттық-маркетингілік жүйе­сі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік
өнімдерінің бағаларына мониторинг жүр­гі­зіліп отыр.

Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде 17 қарашадағы бағамен
ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қала­сының төмендегі сауда
үйлері мен ба­зар­­ларынан алуға болатындығын хабар­лаймыз.

Қызылорда қаласы бойынша «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде І
сортты бидай ұны – 54, қант – 130, күріш – 185, ет – 950, тауық еті – 395,
бөлке нан – 35, картоп – 80, жуа – 70, сәбіз – 80, карақұмық – 155, арпа жармасы – 90, сұлы жармасы 135 теңгеден сатылуда.

«Мирас» сауда үйінің ауласында орналас­қан қоймада картоп –
85, жуа – 80, сәбіз – 85, қы­зылша –
120, қырыққабат 80 теңгеден сатылып жатыр.

Арал ауданы бойынша
Арал қаласының «Алтай» базарының кәсіпкері С.Саяновтың дү­ке­нінде қант
– 180-190, картоп – 90, жуа – 75-80, сәбіз – 90-100, қырыққабат 80 тең­ге­ден,
ал «Қанағат» базарының жанындағы Н.Са­пар­баевтың дүкенінде қант – 180, картоп
– 90, жуа – 80, сәбіз – 90-100, қырыққабат – 80, күріш – 200, жұмыртқа 18
теңгеден сатылуда.

Қазалы ауданы бойынша «Ырыс-Болашақ және К», «Орын-ай» сауда
орындарында жұ­мыртқа – 18, картоп – 95, жуа – 80, қырыққабат – 70, сәбіз – 90,
өсімдік майы 240-250 теңгеден са­тылуда.

Қармақшы ауданы
бойынша «Бибінұр» базары мен «Жандос»
дүкенінде картоп – 100, сәбіз – 100,
жуа – 90, капуста 80 теңгеден сатылып жатыр. ЖК «Ешмұратов», ЖК«Жаппасбаев»
дүкендерінде І сортты бидай ұны 56 теңгеден
сатылуда.

Жалағаш ауданы бойынша «Ақниет» және «Қаракөз» дүкендерінен
І сортты бидай ұны – 57, ақталған күріш – 150, жұмыртқа – 18, өсімдік майы –
230-240, жуа – 80, сәбіз – 100, картоп – 90, қырыққабатты 80 теңгеден алуға
болады. Сондай-ақ, «Әділет» базарында ет
1200 теңгеден.

Сырдария ауданы бойынша «Серікбол» дүкенінде картоп – 90,
сәбіз – 100, қырыққабат – 80, жуа – 80,
қант – 165 теңге. «Коммуналдық» базарында
жұмыртқа 17 теңгеден
сатылуда.

Шиелі ауданы бойынша «Ә.Шорабаев», базарында картоп – 85,
жуа –70, сәбіз – 85, қырыққабат – 80, жұмыртқаның 10 данасын 170 теңгеден алуыңызға болады. Сонымен қатар, І сортты
бидай ұны 57 теңгеден сатылып жатыр.

Жаңақорған
ауданы бойынша «Мағжан», «Заңғар» және «Нұрасыл» дүкендерінде картоп – 90, жуа
– 80, қырыққабат – 70, сәбіз – 85, око­рачка – 450, жұмыртқа 15 теңге болса, ЖК
«Үсейінов», «Нұраділ», «Сұңқар» дүкендерінде І сортты бидай ұнын 57 теңгеден
сатылса, сондай-ақ «Нұр» базарында еттің бағасы 1050 теңгеден сатылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз