ҚАРЖЫГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

67

0

15 қараша – төл теңгеміздің алғаш айналымға енген күні. Ал
1997 жылғы 13 қарашадағы Президент Жарлығымен бұл күн – Ұлттық валюта күні және
еліміздегі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланды.
Міне, содан бері бұл күн жыл сайын
дәстүрлі түрде аталып келеді. Былтыр Ұлттық валютамыздың жиырма жылдығы ерекше
жағдайда аталып өткені белгілі. Биыл жиырма бір жыл толып отыр. Жиырма бір жыл
ішінде аймақтың қаржы саласының қызметкерлері де ел экономикасының темірқазығы
саналатын теңгенің тұрақтануына елеулі үлес қосты.

Кеше облыс әкімдігінің мәжіліс залында аймақ
қаржыгерлерінің басын қосқан мерекелік жиын өтті. Жиында облыс әкімінің
орынбасары Наталья Годунова бұл күннің маңызына, ерекшелігіне тоқталды.

– Теңге еліміздің экономикасының айқын көрінісі болып
табылады. Кезінде Ұлттық валютаны шығару туралы шешім де, теңгенің дүниеге
келуі де оңай болған жоқ. Осынау уақытта талай сынақты өткердік, ендеше алдағы
дағдарыстан да еш мойымай, аман-есен шығамыз деп сенеміз. Бұл орайда біз
сіздердің бай тәжірибелеріңіз бен біліктеріңізге сүйенеміз,– дей келе мереке иелерін құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Онан соң сала ардагері Қалқазбек Әжібеков сөз алып, төл
теңгенің тарихына, оның қалыптасу кезеңіне және аймақ экономикасын көтеруге
сүбелі үлес қосқан сала майталмандары жайында әңгімеледі. Салтанатты жиында
облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова бірқатар сала үздіктерін облыс
әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпаттар табыстады.

Мерекелік шара соңы аймақтың экономикалық ахуалы, Елбасының
жаңа Жолдауында нақтыланған міндеттерді жүзеге асыру және қаржылық жүйедегі
мәселелерді талқылауға арналған
мәжіліске ұласты.

 

А.Сәрсенбайқызы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз