Асқар Кіребаевтың 70 жылдығына арналған облыстық жыр мүшәйрасы өтеді

86

0

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі,  ақын, журналист Асқар Кіребаевтың 70 жылдығына арналған облыстық жыр мүшәйрасының
ЕРЕЖЕСІ
2016 жылдың 7 желтоқсанында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақын, журналист Асқар Кіребаевтың  70 жылдығына арналған облыстық жыр мүшәйрасы өткізіледі. 
Мүшәйраның мақсаты:
Асқар Кіребаевтың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін, өмірі мен шығармашылығын және қазақ поэзиясын насихаттау. Бар өмірін жыр әлеміне арнаған ақын есімін асқақтату. Ақындардың шеберлігін шыңдап, дарынды жастардың өлеңге деген ынтасын ояту.
Мүшәйраның шарттары мен өткізілу тәртібі:
Мүшәйраға облыс көлеміндегі кез келген жас талапкерлер қатыса алады. Әр үміткер Асқар Кіребаевқа арнаған 1 өлең, еркін тақырыпқа 1 өлең ұсына алады. 
Жыр додасында үміткерлердің өнері туындының тақы¬рыпқа сай болуы, қатысушылардың ақындық, орын¬даушылық шеберлігі, шығарманың идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі, сахнада өзін-өзі ұстауы, сахна мәде¬ниетінің ерекшеліктері бойынша бағаланады. 
Мүшәйраның талаптары:
Мүшәйраға  қатысушы үміткерлер  өлеңдерінің бір данасын электронды түрде СД-дискіге немесе флешкаға жазады. Екінші данасын А4 форматтағы параққа жазып, электронды нұсқамен бірге алып келеді.
Автор өзі туралы толық мәліметті, байланыс нөмірлерін,  лауазымын, оқитын немесе қызмет орнын толық көрсеткен анықтама парағын толтырады.
Өтініштер 2016 жылдың 3 желтоқсанына дейін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасында қабылданады.
Байланыс телефондары: 8 (724) 2 23-14-17
Электронды пошта: ounb_kzlorda@mail.ru
Жеңімпаздарды марапаттау:
Мүшәйраның жеңімпаздары қазылар алқасының шешімі¬мен I, II, III дәрежелі Дипломдармен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Мүшәйра Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап  ғылыми  кітапханасында  2016  жылдың 7  желтоқсанында сағат 11.00-де өтеді.
 

р/с

Қатысушының

аты-жөні

Қызмет (оқу) орны

Лауазымы

Байланыс телефондары

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

4

 

 

 

 

5

 

 

 

 

6

 

 

 

 

7

 

 

 

 

8

 

 

 

 

9

 

 

 

 

10

 

 

 

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз