ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН ЖӘНЕ ҚАДІР ТҮНІ

48

0

Қадір
түні қарсаңыңда облыс әкімі Қ.Көшербаев «Номад палас” мейрамханасында ауыз
бекіткен жандарға арнап ауызашар берді.

Шараға ауыз бекіткен дін өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым
өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері және жалпы жамағат қатысты.

– Бүгінгі ауызашар рәсімін дінімізді, рузани мұрамызды
жандандыруға арналған шара деп қабылдаңыздар. Осы қасиетті айда ораза ұстаған
жұртшылықтың ықылас-батасын алу үшін өңіріміздің барлық қала, аудандарының,
мекемелердің басшылары ауызашар рәсімдерін жасап, қайырымдылық шараларын
өткізуде. Бұның өзі билік пен халықты бір-біріне жақындастыра түсері сөзсіз, –
деген аймақ басшысы барша жиналғандарға қасиетті Рамазан айындағы ниет еткен
тілектері орындалсын деді.

Ауызашардан соң,
аймақ басшысы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне барып, жиналған жамағатты
Қадір түнімен құттықтады.

– Қадір түні – адамзат баласын бірлікке, бауырмалдыққа,
ата-ананы құрметтеуге, жақсылыққа шақыратын рухани сәт. Қазіргі уақытта біздің
басты мақсатымыз – дәстүрлі дінімізді, салт-дәстүрімізді шынайы дәріптеумен
бірге жас ұрпақты имандылық пен салауатты өмір салтын тәрбиелеу, рухани бірлік
пен діни төзімділікке баулу. Жастарымыз дінге берік, ілімге жерік болуы керек.
Баршаңыздың қасиетті Рамазан айындағы және бүгінгі Қадір түні тілеген
тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын! – деді.

Рамазан – рухани жаңару айы. Аллаһтың адам баласына берген
шексіз нығметі, теңдессіз сыйы саналған ораза – тікенді жерге табан тигізбей,
сақтанып жүретініміз секілді, күнәға бетпе-бет келуден сақтайтын,
жан-дүниемізді, мінез-құлқымызды жақсылыққа тәрбиелейтін, рухани түлеп шығатын
құлшылық. Ал, Қадір түні жасалған ізгі амалдардың сауабы еселеніп қайтады.

ҚМБД өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат
Омаров қасиетті Құраннан сүре оқып, сауабын дүниеден өткен барша мұсылман
қауымына және жиналған жамағаттың отбасынан дәметкен аруақтарына бағыштады.

Нұрбек
Дәуренбеков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз