АСТАНАДА СЫР ӨНЕРІ АСҚАҚТАДЫ

45

0

Қызылорда
облысының мәдениет және өнер күндері өтуде

Қызылорда облысының Астана қаласындағы мәдениеті мен өнер күндері26-маусымда Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Жабал Ерғалиевтің «Құлпытастың көз жасы» драмасымен ашылды.

Шараны облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова ашып, астаналықтарды қала күнімен құттықтап, жылы лебі­зін білдірді. –Құрметті өнер­сүйер қауым, сіздерді Тәуелсіз еліміздің бас қаласы– Астананың туған күніменен Сыр жұртшылығы атынан шын жүректен құттықтаймын!Астана – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың батыл шешімінің арқасында аз ғана уақытта қалыптасқан зор тарихи жетістік. Астана – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік елдің символы. Әсем қала – Астананың мерейлі мерекесі қарсаңындағы Қызылорда облы­сының мәдениеті мен өнер күндеріне қош келдіңіздер! Ару Астанамыз көркейіп, гүлдене
бер­сін! Еліміз, Елбасымыз аман болсын!– деп жылы лебізін жеткізді.

Онан соң Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ
музыкалық драма театрының директоры
Арман Әлиев сөз алып, қызылордалық
өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртістері
сахналаған қойылымды облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Сенат төрағасы Қасымжомарт
Тоқаев, ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамеди, Парламент депутаттары
Қожахмет Баймаханов, Мұрат Бақтиярұлы, Алмас Тұртаев және академик Мырзатай
Жолдасбеков бастаған мәртебелі меймандар мен елордалық тұрғындар тамашалады.

 

Айнұр БАТТАЛОВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз