АСЫҚ ОЙНАҒАН АЗБАЙДЫ…

43

0

АСЫҚ ОЙНАҒАН АЗБАЙДЫ...

Шиелі кентіндегі «Демеу-Шиелі» спорт кешенінде асық атудан аудандық
біріншілік болып өтті. Сайыстың мақсаты – қазақ ұлттық ойындарын жаңғырту,
ұлттық әдет-ғұрпымызды, ойындарымызды мадақтау болып табылады. Әр ауылдық
округтен бір топ жасақталып, сайысқа түсті. Нәтижесінде жарыс жеңімпаздары мен
жүлдегерлері анықталды. І орынды ұпай саны бірдей командалар – Бәйгеқұм,
Қарғалы, Бестам, ІІ орынды Жөлек, Төңкеріс, ІІІ орынды Телікөл құрама
командалары иеленді.

Ойынның үздік ойыншылары Қайрат Әбуов, Талшын Күлманбет, Әбілда Ыбырай,
Ғазиз Әділбаев аудандық дене шынықтыру
және спорт бөлімінің кубоктары және
алғыс хаттарымен марапатталды.

Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз