ҚАТЕРЛІ МӨЛШЕР ПРЕПАРАТЫ

47

0

2011 жылдан бастап Қазақстанда құрамында Кодеині бар препараттарды еркін сатуға тыйым салынды. Мұндай препараттарды енді тек дәрігердің рецептімен ғана сатып алуға болады. 
Кодеин ең кең таралған есірткі препаратына жатады. Наркологтардың бағалауы бойынша, осындай есірткі құралдарын қабылдау түрлі себептерге әкеліп соқтырады, ағзаның нейрогормоналдық және эндокриндік жүйесі жылдам әлсірейді. Берілген құралдарды ұзақ қабылдау депрессияға, галлюцинациялардың пайда болуына, сандырақтауға, өзіне-өзі қол жұмсауға, иммунитеттің кемуіне және ішкі ағзалардың бүлінуіне  әкеліп соқтырады. Құрамында кодеині бар дәрілерден жасалған есірткілерді пайдалану жылдам әрі тұрақты әдетке айналуы мүмкін.   
ҚР ДСМ-нің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі «Дәрілік заттарды рецептімен өткізуге жатқызу туралы» №526 бұйрығымен құрамында кодеині бар препараттар тек дәрігер рецептісімен ғана берілетін болды. Кодеині бар дәрілерге тәуелділіктің даму қаупін азайту үшін  қабылдаудың ұсынылған ұзақтығы 3-күнге дейін қысқартылды. 
Кодеині бар препараттарды өткізуді бақылауды құқық қорғау органдарымен бірге Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті жүзеге асырады. 
Қиып ал да, сақтап қой 
Дәрілік заттарды дұрыс пайдалану, олардың тиімділігі мен мүмкін болатын жанама әсерлері туралы толық және шынайы ақпаратты,  сондай-ақ, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде тегін дәрі алу құқығы туралы кеңесті келесі бірыңғай тегін телефон нөмірі – 8 800 080 88 87 бойынша алуға болады.
Сондай-ақ, Сіз өз сауалыңызды Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының www.druginfo.kz  –  ресми сайтына жолдай аласыз.  
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз