АУДАНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚ

67

0

Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев басты міндет шикізаттық емес секторды кеңейтуге негізделген жаңа өндірісті дамыту болып табылатынын атап өткені белгілі. 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда біздің облыс көлемінде де бірқатар нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл бағытта өңірлік Индустрияландыру картасы аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызы бар бірқатар жобалар солтүстіктегі Қазалы ауданында қарқынмен жүзеге асырылуда.

Нақты кезеңде Үдемелі индустриялық-инно­ва­циялық даму мемлекеттік бағдарламасы бой­ынша облыс аумағында 24 жоба Индуст­рия­ландыру картасына енгізілген. Қазір оның 14-і іске қосылып, толық қуаттылыққа шықса, қалған 10 жоба жүзеге асу жолында. Мұнан бас­қа, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бас­тап, Индустрияландыру картасына енгізу мақса­тында барлығы 37 жоба тапсырылып, оның 30-ы мақұлданған. Ал, 7 жоба толықтырылу үшін кері қайтарылған.

Елбасының тікелей бастамасымен баста­лып, мемлекет басымдық беріп отырған Үде­ме­лі индустриялық-инновациялық даму бағ­дарламасы экономиканы шикізатқа тәуел­ді­ліктен арылтып, нақты өнім өндіру ісін өркен­детуге бағытталғаны белгілі. Бұл бағдарлама осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2010 жылы ел эко­номикасын әртараптандыру және бәсекеге қа­бі­леттілікті арттыру мақсатында қабылданды. Нақ­ты кезеңде аталған мемлекеттік бағдарла­масы еліміздің түкпір-түкпірінде оң нәтиже бе­ріп жатыр. Мәселен, биылғы жылы осы бағытта Қазалы ауданында 12 жоба іске қосылып, бар­лы­ғы 159 адам тұрақты жұмыс орнымен қам­тылды.

Аталған аудандағы ауқымды жобалар қата­рында өңірлік Индустрияландыру картасы­на енгізілген жобалардың ішінде «РЗА» АҚ «660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өңдеу зауыты» мен «СПК Қызылорда балық» ЖШС «Балық өңдеу зауытын іске асыру» жо­балары бар.

Нақты кезеңде бұл ауданда осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Қазіргі таңда мұн­да 4 жоба аймақтық үйлестіру кеңесінен оң қо­ры­тындысын алса, тағы 6 жобаның құжаттары дай­ындалу үстінде. Осы жобалар толық іс­ке асырылғанда 102 адам жаңа жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Облыс әкімінің тапсырмасымен жаңа өндіріс орындарын көбейту мақсатында өткен жылдан бастап «Өндірістік аймақ» ашу үшін дайындық жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығы – Әйтеке би кентінің солтүстік батыс беткейінен аталған аймақты ашуға бөлінген 12,7
га жер телімін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Биыл бұл мақсатқа 153,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін бұл жерде шағын және орта өндіріс орындары ашылады деп күтілуде. Қазіргі таңда мұндағы 9,4
гектар жерге жалпы құны 160 млн. теңгені құрайтын жаңа 11 жоба орналастырылып отырғанын айта кетейік.

Биылғы жылы аудандық бюджеттен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында несие алушыларға көмек көрсету үшін бизнес-жоспар әзірленіп, аудан кәсіпкерлеріне консал­тингтік көмек көрсетуге қаржы бөлінген еді. Осы жұмыстар жемісін беріп, үстіміздегі жылдың 6 айында аудан кәсіпкерлеріне түрлі қаржы ұй­ымдары тарапынан 469 млн. теңге несие бе­рілді. Салыстыра кететін болсақ, өткен жыл­дың алғашқы жартыжылдығында Қазалы ауда­нының кәсіпкерлері 196 млн. теңге несие алған болатын. Демек, биылғы өсім 2,4 есеге артқан.

Сондай-ақ, ауылдық округтерде өз кәсібін ашып несие алуға ниет білдіріп отырған кәсіп иелерінің саны артып келеді. Үстіміздегі жылдың өзінде жалпы құны 1млрд. 19 млн. теңгені құрайтын 132 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, жергілікті тауар өндіруші­лердің тауарларын делдалсыз өткізу арқылы ха­лыққа қызмет көрсету көлемін ұлғайту мақ­сатында аудан орталығынан «Сауда-логис­ти­калық орталық салу» жобасы әзірленуде. Бү­гінгі таңда 6 жобаны (1 автовокзал, 3 сауда ор­талығы, 1 тауар сақтау қоймасы, 1 сауда ке­шені) іске асыру мақсатында жер телімдері бел­гіленді. Осы жобалар іске асырылғаннан кейін тағы 100-ге жуық адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады деп күтілуде.

Д.АЙБОЛАТҰЛЫ.

Қазалы ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз