Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағалары сайланды

42

0

Қызылорда облыстық
кәсіпкер палатасының делегациясы Жаңа­қор­­ған, Шиелі, Қазалы ауданда­рын­­да
болып, кәсіпкерлер палата­сы­ның аудандық кеңесін сайлау­ға байланысты кеңейтілген
мәжіліс­терін өткізді.

Елбасы Жолдауында шағын
жә­не орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды ин­дуст­риялық және
әлеуметтік жаңғыр­тудың басты құралы саналады. Осы мақсатта, «ҚР Ұлттық
кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңы негізінде бар­лық облыстарда кәсіпкерлік па­ла­тасы
құрылып, аудандарда фи­лиал­дары жасақталып, өз жұмысын бастаған болатын.

Аймақтардағы кәсіпкерлер
пала­та­сының басты міндеті – кәсіпкерлер қауымдастығын біріктіру арқылы
әкімдіктермен диалог алаңын құру және кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау болып
табылады.

Жуырда облыстық
кәсіпкерлер палатасының директоры Д.Абсат­таров, Кәсіпкерлердің құқықтарын
қорғау бойынша кеңес төрағасы М.Әбенов және аудан әкімдерінің қа­тысуымен Шиелі
және Жаңақорған ау­дандарының кәсіпкерлер кеңесі құ­рамы таныстырылды. Аудан ак­тивтері
мен палата мүшелері бір­ау­ыздан Шиелі аудандық кәсіп­керлер кеңесінің
төрағалығына жергілікті іскер кәсіпкер «Махамбет П” ЖК төр­айымы П.Маханбетті
ұсынса, Жа­ңа­қорған аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы болып «Мейірім”
ЖШС басшысы Қ.Қарақожаев сай­лан­ды.

Болашақта осы кеңес
кәсіпкер­лер­дің мүдделері мен көкейтесті сұ­рақтарын тиімді бірлесе шешуге,
бизнес-қауымдастықтың мұң-мұқта­жын билікке жеткізуге ықпал ететін болады.

Делегация мүшелері одан кей­ін Қазалы ауданында болды.
Он­да аудан активімен кездесіп, кәсіпкер­лікке қатысты келелі жиын өткізді.

«Бүгінгі әлемдік дағдарыс жағ­дайында бар жұмыс
орындарын сақ­тап қалу, халықтың қажеттілігін қам­тамасыз ету бағытындағы кәсіп
түрлерін ашу, өнім өңдеуге және өндіруге басымдық берілуде. Бұған Қазалы
ауданының әлеуеті мен мүм­кіндігі жеткілікті», – дейді аудан әкімі
Б.Жаханов.

Аудан экономикасының да­муы­на оң ықпал етіп отырған
ша­ғын және орта кәсіпкерлікті да­мы­тушылар саны 3547 бірлікті құрап, онда
жұмыспен қамтылған адамдар саны 8185-ке жетіп отыр. «Бұл об­лыс көрсеткішінің
10,8 пайызын құрайды. Ал нақты кезеңде өнеркәсіп саласында шығарылған өнім
көлемі жылдан жылға артып келеді», – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының
директоры Д.Әбсаттаров.

Мәжіліс барысында аудандық кә­сіпкерлер палатасының
директо­ры Е.Аймаханов аудандық кеңес мү­шелігіне үміткерлер тізімін ұсын­ды.
Жиын талқылауынан кейін аудан­дық кәсіпкерлік кеңестің төрағасы болып
М.Өтеев сайланды.

Нұрбек Дәуренбеков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз