АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАРАДЫ

40

0

Баланың өмір көркі, тіршілік жалғасы,
шаңырақ шаттығы, ел болашағы екенін естен шығармаған халқымыз қашанда бар
жақсысын соларға ұсынып отырған. Елбасының өзі де бүгінгі ұрпақтың сапалы
білім, саналы тәрбие алуына, олардың алаңсыз өмір сүруіне қамқорлық жасап
келеді. «Бала – өмір гүлі, біздің болашағымыз” деген ұстанымды алға қойған
қоғам жанашырлары келешек ел тұтқасы болар бүгінгі ұрпаққа лайықты көмек көрсетуде. Өйткені, жастық жігер мен
қайратқа лайық жарқын істерге жетекшілік
ететін жас­тарды, тіршілік жалғасы балғын балаларды қолдау мемлекеттік мүддеге айналып отырғаны
белгілі.

Осындай жарқын бастамалардан
Ж.Маханбетов ауылының жеке кәсіпкерлері де тысқары қала алмады. Олар 21 тамыз
күні ауылда өткен «Мектепке жол” акциясындааймақтағы 104 балаға мектеп формасы мен қажетті оқу құралдарын сыйға
тартты. Акцияға тартылған тұрмысы төмен,
көпбалалы отбасы, жетім және жартылай жетім балалардың ата-аналары,
туыстары демеушілерге өз ризалықтарын білдірді. Акция әлі де жалғасатын болады.

Гүлнұр РЕЙМБЕРГЕН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз