АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВТЕРІ ТУРАЛЫ

59

0

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы процесіне бөгет жасайтын кедергілерді жою міндетін қойған.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да, ауылдық жерлерде кооперативтік өндірісті дамыту, Жаңа Зеландиялық Fronterra (Фронтера) және Даниялық Arla (Арла) үлгісімен ұйымдастырылатын болады деп атап көрсетілген.

Агроөнеркәсіптік кешеннің проблемалық мәселелерінің бірі – ол ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлы сипатта болуында.

Майда шаруашылық құрылымдар мен жеке секторлардың әлеуетін тиімді пайдалану үшін оларды біріктіру, яғни ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру маңызды болып отыр.

Елбасы биылғы жылы, Қазақстан халқына Жолдауында бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтарды мен фермерлерді кооперативтерге біріктіру қажет деген тапсырма берген болатын.

Сонымен бірге, «Агроөнеркәсіптік кешенің дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада» жеке сектордың әлеуетін пайдалана отырып, оларды ауыл шаруашылығы кооперативтерге біріктіру арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін (әсіресе ет, сүт өнімдерін өндіруді) ұлғайту басты бағыттарының бірі болып белгіленді.

2017 жылы Қызылорда облысының әкімі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен «Жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалана отырып ауыл шаруашылық кооперативтерін құруын, ауыл халқын жұмыспен қамту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» мақсатында үш жақты индикативті іс-шара жоспары бекітілген болатын. Осы жоспарға сәйкес, облыста жеке қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен 19 кооператив құру жоспарланған болатын.

Индикативті жоспарды орындау мақсатында, Қызылорда облысы бойынша 1050 жеке қосалқы шаруашылықтың бірігуімен 43 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды. Оның ішінде, 20-дан астам жеке секторлардың бірігуімен 39 кооператив тіркеліп, 24-і қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

«ҚазАгро» АҚ-ы және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы арқылы  4 257 млн.теңге несие берілген болатын.

Нәтижесінде бүгінгі күні 788 отбасылық мал бордақылау алаңдары құрылып, 14868 бас мүйізді ірі қара малын бордақылауға кірісті. Сонымен қатар 2758 бас сиыр сатып алынып,                    294 шағын отбасылық сүт фермалары құрылды.

Мемлекет басшысының ауылдық елді-мекендерде кооперацияны дамыту, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану бойынша тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ақпараттық қолдау көрсету мақсатында Қызылорда қаласы және аудандарда «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің салық салу, бухгалтерлік есепке алу, сондай-ақ аудит, қаржы-шаруашылығы бойынша» оқыту-семинарлары а.ж. 23 қазанынан – 3 қараша аралығында аудандарда өткізілді.

Аталмыш оқыту семинарына аудан орталықтарында ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері, мамандары, және кооператив төрағалары толыққанды қатысып, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, кооперативтерге қаралған мемлекеттік жеңілдіктер (субсидия) бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз