АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

335

0

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Егін-терім аяқталып,
шаруаның қолы босаған шақта яғни, қараша айының үшінші жексенбісінде ауыл
шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту үрдіске айналып келеді.

Атаулы
күнге орай облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ауылшаруашылық саласы еңбеккерлерін
қабылдап, оларды мерекемен құттықтады. Бірқатар азаматтарды ҚР Ауыл шаруашылығы
министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», «Еңбек ардагері»
төсбелгілерімен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Ерте
көктемнен бері бел жазбай еңбек еткен диқандар биыл күріштен мол өнім алды. Әр
гектарынан 50,1 центнерден айналған бұл жылғы өнім тәуелсіздік жылдарындағы
рекордтық көрсеткіш болып есептеледі. Қамбаға құйылған 400 мың тоннаға жуық Сыр
салысы маңдай тердің өтеуіндей.

Статистикалық
мәліметтерге қарағанда облыс халқының жартысынан астамы ауылда тұрады.
Сондықтан ауыл шаруашылығы саласындағы әрбір жетістік ауыл тұрғындарының
тұрмысын түзеуге септігін тигізері анық.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз