АУЫЛДАРДЫ АБАТТАНДЫРУДЫҢ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАРЫ

62

0

Сыр аймағы өткен жылдың
көрсеткіштерімен еліміздің көш басына шықты. Яғни, облыстың
әлеуметтік-экономикалық дамуы мейлінше қарқын алып келе жатыр.

Сыр аймағының айшықтануына Сырдария ауданы еңбеккерлерінің қосып
келе жатқан үлестері қомақты. Содан да бұл ауданның екі жыл бойы Сыр елінің көш
басында болуы тектен-тек болмаса керек.

Жылдағы үрдіс бойынша ауылдық округ әкімдері мен аудан
әкімінің ел-халық алдында есеп беруі бастау алды. Сәрсенбінің сәтті күні аудан
әкімі Ғ.Қазантаев Аманкелді, Бесарық елді мекендерінде ауылдық округ әкімдері
есебін көпшілік сарабына салып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы
бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы өз есебін де берді.

Ауданда 2014 жылы межеленген әлеуметтік-экономикалық жобалар
толықтай жүзеге асырылған. Нақтылай айтар болсақ, Сыр елінің басты байлығы –
күріш дақылы 20007 гектар жерге орналастырылып, әр гектарынан 55 центнерден
өнім жинап алынған.

– Аудандағы өндіріс және өңдеу өнеркәсібі көлемін
былтырғыдан кемітпей ұстап тұруға мүмкіндік алдық. Жұмыссыздық деңгейі
төмендеді. Ең бастысы, экономикадағы қаржылық қиындықтарға қарамастан,
адамдардың тұрмыс сапасы төмендеген жоқ, – деді аудан әкімі.

Аудан әкімі мен ауыл әкімдері есебінде «Абзал и К” ЖШС
директоры, облыстық мәслихат депутаты А.Ерәлиев те серіктестік тарапынан
атқарылып жатқан жұмыстар барысын баян етті, бірнеше ауыл тұрғындары сөз алып,
өз ой-пікірлерін ортаға салды.

 

Еркін АҚҚАЛИҰЛЫ.

Сырдария ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз