АУЫЛДАҒЫ АУЛА КЛУБЫ

57

0

«Бала – өмірдің гүлі, біздің
болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған біздің қоғамымызда көптеген игілікті
істер атқарылуда. Бүгінгі таңда жастық жігер мен қайратқа лайық жарқын істерге жетекшілік ету, кейінгі толқынды қолдау мемлекеттік мүддеге айналып отыр. Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асуларды алатынын ескерсек, мүмкіндігі шектеулі балаларға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы.

Жақында Ақсуат ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен Ж.Маханбетов ауылынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған аула клубы ашылды.

 

Аула клубының мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге деген құлшынысын арттырып, ынталан­дыру, жастар мен жасөспірімдердің қоғамдағы азаматтық орнын күшейту, отансүйгіштік қасиетін арттыру.

 

Оның ашылу салтанатына ауылдың мүмкіндігі шектеулі балалары шақырылып, шара өтетін орын тақырыпқа сай безендірілді. Шара барысында әндер айтылып, ойын ойнатылып, балаларға сыйлықтар таратылды.

 

Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз