АЯЗ ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛҒАНДАР

32

0

АЯЗ ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛҒАНДАР

Соңғы күндері аймағымызда ауа райының күрт суытуына орай көлік құралдарының жолда қалу оқиғалары жиі орын алып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай облыс көлеміндегі республикалық маңызы бар жолдарда көрініс беруде. Аяз қыспағында қалған жүк және жолаушылар тасымалдайтын көліктердің жанар-жағармайлары қатып қалып, әбігерге ұрынуда.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлағанындай, қызылордалық құқық қорғаушылар қаңтардың 30-нан 31-не қараған түні бірнеше көліктер мен ондаған жолаушыларды аяздан арашалап алыпты. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолында алдымен «КамАЗ» жүк көлігі, артынша Сарыағаштан Қызылорда қаласына жолаушылар тасымалдайтын «Мерседес» автобусына қолұшын созған. Сөйтіп, суықта қалған 24 жолаушыны олар Қызылордаға бағыт алған көліктерге отырғызып, облыс орталығына жеткізген. Дәл сол түні Тараз қаласынан келе жатқан «КамАЗ» жүк көлігінің «Сұлутөбе» елді мекені тұсында жанармайы қатып, жолда қалады. Тәртіп сақшылары оларға да дер кезінде көмек көрсетіп, жүргіншілердің сапарларын әрі қарай жалғастыруына жағдай жасаған.
Біздің анықтама: жыл басынан бері ауа райының қолайсыздығы мен үскірік аяз салдарынан жиырма автокөліктің жолда қалу дерегі тіркелген. Қызылордалық полицейлер осы көліктердегі 90 жолаушыны аяздан арашалап, көмек көрсеткен.
Б.СМАЙЫЛҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз