АҒЫЛШЫНША АҒЫП ТҰР…

80

0

АҒЫЛШЫНША АҒЫП ТҰР...

Жақында
Оңтүстік астанамыз – Алматыда «Бейбіт­шілік әлемі» Халықаралық қазақ
творчестволық бірлестігінің құрылғанына 5 жыл толуына орай І республикалық
балалар мен оқушылар фестивалі мен «Өмір және Ғалым-Наука и жизнь» атты ІV
республикалық оқушылар конференциясы өтті. Жиынға ауданымыздан №163 орта
мектептің ағылшын тілі пәні ұстазы Гүлмира Ахметжанованың шәкірттері 10-сынып
оқушысы Әйгерім Әбес пен 9-сынып оқушысы Нұрсезім Әшім қатысып Шекспирдің
«Гамлетінен» ағылшын тілінде үзінділер оқып, бас жүлдені 9-сынып оқушысы
Айғаным Тілеуберген «Сарымсақтың ағзаға пайдасы» атты ғылыми шығармасын қазақ
және ағылшын тілдерінде қорғап шығып бірінші орынды жеңіп алды.

Фестиваль
мен конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы
сыйлықтармен марапатталды.

Бірлестіктің
төралқасы сондай-ақ №163 орта мектеп директоры Қ.Жақыпбекова, мектептің оқу ісі
жөніндегі орынбасары С.Кеншімбаева мен пән мұғалимасы Г.Ахметжановаға арнайы
алғыс хат жолдапты.

Ауылдық
мектепте оқыса да топ жарып, талайды басып озған шәкірттер расында, біздің
мақтанышымыз.

Нұрмахан Елтай.

Жаңақорған ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз