Аймақ-ақпарат

52

0


Қызылордада 300-ден астам үкіметтік емес ұйым белсенді қоғамдық қызмет
атқарады. Аймақта
барлығы 690 үкіметтік емес ұйым бар. Оның барлығы жақсы жұмыс істемейді.
Дегенмен, жыл сайын ондаған маңызды жобаны жүзеге асырып, халықаралық
ұйымдардың гранттарын игеретін ұйымдар бар. Олардың саны 300-ден асады.

• Арал
ауданында «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын
жаңғырту жөніндегі» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бағытында нақты
жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта аудан орталығындағы Мақатаев көшесі №10 үй
жөнделуде. Сондай-ақ, осындай жұмыстар Ишкенов көшесі №12 үйде де жалғасуда.
Үйлердің шатыры жаңаланып, қабырғасы әрлену үстінде. Осылайша рет-ретімен
қаладағы 47 үй жаңаланбақ.


Экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабі­лет­­ті­лікті арттыру арқылы
орнықты және теңгерімді өсу­ді қамтамасыз ету мақсатында қабылданған Үдемелі
индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша Қазалы ауданында оң
өзгерістер қалыптастыруда. Осы бағытта ауданда
12 жоба іске қосылып, 159 адам
тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Жаңа өндіріс орындарын көбейту мақсатында өткен
жылдан бастап «Өндірістік аймақ» ашу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

• Қармақшы
ауданында республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде
бірнеше жылдан бері өз жалғасын тауып келеді. Осы орайда «Балаға мейірім сыйла!»
ұранымен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Мектепке жол –
балаларға» қайырымдылық акциясында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік
қоғамы аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балаларын
оқу-құрал жабдықтарымен қамтамасыз етуде демеушілік жасады.

• Жалағашта
кәсіпкерлікті қолдаушы қаржы институттары мен екінші деңгейлі банк өкілдері бас
қосты.Аудан әкімі Талғат Дүйсебаевтың айтуынша, мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар аясында кәсіпкерлік
саласында көптеген жұмыстар жүргізілуде. «Агробизнес–2020», «Сыбаға»
бағдарламалары аясында аудан шаруашылық құрылымдары егін алқаптары мен мал
басын көбейтуде.

• Сырдария
ауданында Жетікөл ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Ана көрген тон пішер» атты
сайыс болып өтті. Бұл шара Отбасылар
мерекесіне және мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында
қолға алынды. Сайыс қорытындысымен бірінші орынды Жетікөл ауылының тұрғыны,
төрт баланың анасы Гүлназ Оржанова мен қызы Айдана Маратқызы иеленді.

• «Сыбаға»
бағдарламасы бойынша Шиелі ауданында биылғы жылы ет бағытындағы 250 бас мүйізді
ірі қара, 8 бас асыл тұқымды бұқа малын сатып алу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін
асыл тұқымды 228 бас сиыр мен 8 бұқа
сатып алынды. Бұл түліктерге Телікөл ауылдық округіндегі «Бибі», Еңбекші
ауылындағы «Әшірбеков», Бестамдағы «Несібелі» шаруа қожалықтары қол жеткізді.

• Жаңақорған кентінің шығыс жақ беткейінен жаңадан орын теуіп жатқан
Саяжай, Ипподром, ескі МАИ бекеті, Алтыкрант аумақтарынан аудан халқына 2244
жер телімі берілген. Қазірге дейін оның 1819-на тұрғын үй салынған.
Биыл осы аталған аумақтардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын
жүргізуге бөлінген 157 млн. 333 мың теңге қаржыға бүгінде тас жол төселіп,
электр желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз