•
Қазалы ауданындағы «Ұшқын» мүгедектердің құқығын қорғау және жәрдем беру
қоғамдық бірлестігі жанынан ресурстық орталығы құрылған.Жақында орталықта жартылай жетімдер, тұлдыр жетім балалар және мүмкіндігі
шектеулі жандар 2 айлық компьютерлік курсын толықтай оқып аяқтады.
•
Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі қарсаңында Қармақшы ауданындағы ІІІ
Интернационал ауылдық округінде «Тіл – достықтың тірегі» атты өзге ұлт
өкілдерінің арасында аудандық фестиваль болып өтті.Фестивальда өзге ұлт өкілдері ән, би, көркем сөз жанрлары бойынша өз өнерін
көрсетіп, қазақтың домбырасымен күй күмбірлетті.
•
Жалағаш ауданы бойынша әлеуметтік ұн бағасын тұрақтандыру бағытында тиісті
іс-шаралар қолға алынған. Оны
жеткізуші операторлар болып белгіленген «Ақниет» және «Қаракөз» көтерме сауда
дүкендерінде әлеуметтік 1 келі ұнның бағасы 57, нан бөлкесі 40 тенгеден
сатылуда.
•
Сырдария ауданы бюджетінің кіріс бөлігінің жылдық болжамы сегіз айда
орындалды. 2014 жылдың сегіз айының
қорытындысымен облыстық бюджеттің кіріс бөлігіне жоспарлы болжам 109,1 пайызға
орындалды.
•
Облыстық медицина орталығының дәрігер-хирургтары Шиелі ауданында 5 балаға ота жасады. Бұған
дейін де облыстан дәрігерлер келіп, аудандық хирург дәрігерлеріне тәжірбиелік
көмек есебінде аудандық аурухана базасында оталар жасалған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!