АЗАМАТТЫҚ ФОРУМҒА ДАЙЫНДЫҚ

49

0

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Азаматтық форум – билік пен азаматтық қоғамның пікір алысу алаңы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оның жұмысына үкіметтік емес ұйымдар мен ұлттық-мәдени орталықтар басшылары және жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Негізі елімізде екі жылда бір рет қоғамдық саяси маңызы ерекше республикалық азаматтық форумын өткізу дәстүрге айналған. Соған сәйкес барлық өңірлерде де азаматтық форумдар өткізіледі. Біздегі сондай кезекті облыстық VІ азаматтық форумды осы қазан айының екінші жартысында өткізу жоспарлануда. Осы басқосуды өткізудегі мақсат онда облыстық форумның мақсат-міндеттері талқыланып, бағдарламасы мен жүргізу тәртібін белгілеп, форумда қабылданатын негізгі құжаттардың жобаларын келісу ортаға салынды.
Басқосуда «Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрайымы Дариға Ақмағамбетова «Азаматтық форум – билік пен азаматтық қоғамның пікір алысу алаңы. ҮЕҰ-ның белсенді атсалысуы форумның сәтті өтуінің маңызды шарты» тақырыбында хабарлама жасады. Хабарламашы өз сөзінде азаматтық қоғам мен билік өкілдерінің өңірді дамытуы мен азаматтық қоғамды дамыту және ҮЕҰ-дың қоғамдағы ролінің маңыздылығына тоқталды. Осы тұрғыдан алғанда азаматтық форум тұрғындардың өзекті проблемаларының оңды шешілуіне ықпал жасайтын бірлескен шешім қабылдау алаңына айналуы тиіс. Сондай-ақ, форумда билік пен үкіметтік емес сектордың тиімді қарым-қатынасын дамыту мәселелеріне де ерекше мән беріліп қаралатын болады.
Жалпы азаматтық форумның сәтті өтуі оған үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуына да байланысты. Осы орайда дөңгелек үстелге қатысушылар да өздерін толғандырған ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Ал бұл ұсыныстар форум құжаттарын дайындау барысында ескерілетін болды.
Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз