АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

36

0

Облыстық азаматтық қорғаныс басқармасы ТЖ департаментіне бағынысты мекемелер арасында «Бүкіләлемдік  Азаматтық  қорғау» күніне арналған волейболдан жарыс өткізді. 
Жарысқа ТЖД аппараты, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі», «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы», «Судан құтқару қызметі», «Апаттар медицинасы орталығы», теміржол емханасы, «Өртсөндіруші», «Құтқарушы» АҚ, «Ақ берен» РМКК барлығы 9 команда атсалысты. Жүлделі бірінші орынды «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ ұтып алса, екінші орынды «Құтқарушы» АҚ, үшінші орын «Судан құтқару қызметі» мекемесіне бұйырды. Жүлделі орын иелеріне өтпелі кубок, бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз