Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Серікбай Ыдырысұлы Өмірзақов

98

0

Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы 1956 жылы
15-ші қазанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш кентінде дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс инсти­тутын
1980 жылы «инженер-гидротехник» ма­мандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.Ең­­бек
жолын 1980 жылы Жамбыл гидромелио­ративтік-құрылыс институтының Қызылорда
филиалында ассистент болып бастаған. 1984-1988 жж. Мәскеудегі А.Н.Костяков
атындағы Бүкілодақтық гидротехника және мелиорация ғылыми-зерттеу институтының
аспирантурасында оқыған.

1988-1990 жж. В.П.Горячкин атындағы
Мәскеу ауылшаруашылық өндірісі инженерлері институтында кіші ғылыми қызметкер
болып жұмыс істеген. 1992 жылы Мәскеу қаласындағы «Су ша­руашылығы және
мелиоративтік нысандарды іздестіру, зерттеу, жобалау және құрылысты салу
Совинтервод» өндірістік бірлестігі диссертациялық Кеңесінде 05.23.07. –
«Гидротехникалық және мелиоративтік құрылыс» мамандығы бойынша техника ғалымдарының
кандидаты ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғаған.

1995-2005 жж. Қызылорда өнеркәсіп
өндірісі инженерлері институты, Қызылорда политехникалық институты, Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Орман мелиорациясы», «Мелиорация
және гидроэкология», «Су шаруашылығы» кафедраларының меңгерушісі және
әлеуметтік-экономикалық сұрақтар жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған.

2005-2009 жылдары Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті политехникалық факультетінің деканы болды.

2010 жылы Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университетінің диссертациялық кеңесінде 06.01.02. – «Жерді
мелиорациялау, рекультивациялау және қорғау» мамандығы бойынша докторлық
диссертациясын қорғаған.

2009 жылдың 12 мамырынан бастап «Ы.
Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның бас
директоры қызметін атқарады. Бірнеше авторлық куәлік, патенттер иегері, 100-ден
аса ғылыми мақалалар жариялап, екі монография, бірнеше ұсынымдары жарияланған.

Қазақстан Республикасының «Білім беру
ісі­нің құрметті қызметкері» медалімен, Ауыл шаруа­шылығы министрлігі,
«КазАгроИнновация» АҚ, облыс әкімі мадақтау грамоталарымен марапатталған.

Отбасылы, екі қыз тәрбиелеп отыр.

Сайлауалды бағдарламасы

Ел мүддесіқарқынды даму және жарқын болашақ

Құрметті мәслихат депутаттары!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қарқынды даму үстінде. Тәуелсіздік жылдары еліміздің қол жеткен табыстары ұшан-теңіз. Әлемдік қауым­дастықта бәсекеге қабілетті экономика құрып, зайырлы мемлекет ретінде танылу үстіндеміз. Қа­зақстан Республикасы Парламенті Заң шы­ға­рушы орган ретінде мемлекетіміздің біртұтас­тығын қамтамасыз етіп, барлық саланың заң аясында жұмыс істеп, қоғамның ең басты қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етілген мемлекет құруда айрықша ролі бар билік тармағы ретінде танылды.

Өмір өз кезегінде түрлі проблемалар мен өзгерістерді үздіксіз туғызуда. Міне, осындай жағдайда кәсіби Парламенттің жұмыс істеуі еліміз үшін ауадай қажет. Парламенттің құрамы Қазақстанның бет-бейнесі секілді, 154 депутаттар барлық өңірді қамтып, түрлі ұлт өкілдерін құрап, әйел депутаттардың үлес салмағы артып, жұмыс жасауда.

Елімізде демократиялық үрдістер қалыпта­сып, қарапайым халық өкілдері мемлекеттің саяси-экономикалық өміріне тікелей араласып, өз үлестерін қосуда. Мемлекетпен әріптестік негізде бизнесті жүргізу мүмкіншіліктері барған сайын арта түсуде.

Осы жағдайды пайдаланып, іскер азаматтар шағын және орта бизнесті қарқынды дамытуда. Мемлекет қазынасына түсетін салық мөлшері күн санап арта түсуде. Осындай іс-әрекеттердің қалыптасуы мемлекетке де бизнесті жүргізуге де тиімді болуы сапалы заңдарға байланысты.

Қазіргі таңдағы Парламент депутаттары құрамын қалыптастыру тәртібі демократиялық негізде қалыптасқан. Соның бірі сайлау туралы заң талаптарына сай болған жағдайда кез келген азамат сайлауға түсу үшін тіркеле алатындығы.

Мен өзімнің білім, ғылым, ауыл шаруашы­лығы өндірісі саласындағы тәжірибемді және мемлекеттік саясат, экономикалық-әлеуметтік жағдайларды, ел мүддесін білу деген жан-жақты мәселелерді екшелей келе, өзімнің кандидатурамды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидат ретінде ұсынуды жөн көрдім.

Әрине, қазіргі күрделі кезеңде әрбір азаматтың аса үлкен жауапкершілікпен қызмет ат­қа­ру қажеттілігі туындап отыр. Еліміздің бола­шағына әрқайсысымыз жауаптымыз. Осы мә­­се­­ле туралы әркез ойлана жүріп «мен Сенат депу­таты болсам не істер едім?» деген сұрақ ұдайы мені мазалайды.

Сенат құрамының өзгеріп тұруы өмір заңдылықтары, ондағы қызмет атқарып жүрген азаматтар еліміздің мықты мемлекет болып қалыптасуына өз үлестерін қосуда.

Әрине, шешімін табуы керек мәселелер де аз емес… Мен егер де сайланып жатсам, өз қыз­метімде мына бағыттарға көңіл бөлемін:

– білім, ғылым саласындағы рефор­ма­лар­ға айрықша мән беріп, нақты жағдайды еске­ретін заң жобаларын дайындауға қатысу;

– су, жер ресурстарын пайдалану, сақ­тау, сапасын арттыру, қоршаған ортаны қорғау, экология туралы заң, заң актілерін дайындауға талқылауға белсенді жұмыс жасау;

– ауыл шаруашылығын дамыту азық-түлік қауіпсіздігінің негізі екендігін ескере отырып, осы салаға байланысты және өңірдің проб­лемалық мәселелерін ескеретін заң жобаларын дайындау;

– Сыр өңірінің жанашыр азаматы ретінде аймақ мәселесі туралы сұрақтарды құзырлы органдар алдында өткір қойып шешуге атсалысамын;

– Арал теңізі Жер планетасының климаттық жағдайына әсер ететін ерекше табиғи нысан ретінде оны қалпына келтіру адамзат мүддесі деп танып, оны жүзеге асыру үшін Халықаралық деңгейдегі заңдардың дүниеге келуіне жұмыс жасаймын;

– әрбір аудан, қала, облыс бюджетінің қа­лып­тасып, оның орындалуы әрбір деңгейдегі азаматтардың іскерлігіне тікелей байланысты, сондықтан жалпы бизнесті тиімді жүргізуге ықпалын тигізетін заң жобаларын дайындауға қатысамын.

Сенат депутаты жүгінің қаншалықты
жауапты және ауыр екенін бағалай отырып, тәуекелге бел будым. Егер де мен
депутат болып сайлана қалсам, аймақтың көкейкесті проб­лемаларын шешуге барлық
күш-жігерімді, тә­жірибемді, білімімді саламын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз