Қазақстанда жолбарыстар қайта пайда болады

60

0

Қазақстандық ғалымдар 20 жылда жолбарыстарды қалпына келтiрмек. Бұл
туралы «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» ФК «Биотүрлiлiк» тақырыптық
кеңесiнiң вице-президентi Сергей Скляренко мәлiмдедi.

«Географиялық
қоғам қолдау көрсетiп отырған жобалардың бiрi – Қазақстанда жолбарыс­тарды
қалпына келтiру. Жоба бүкiләлемдiк жабайы табиғат қорының, нақты айтқанда, оның
ресейлiк бөлiмшесi қолға алып отыр. Оның көздеген бiрқатар мақсаты бар. Оның
бiрi – жолбарыстарды әкелiп қана қоймай, оның тiршiлiгiне қажеттi экожүйенi
қалпына келтiру. Бұл жоба кез келген жануардың iрi түрлерiн қалпына келтiру
жобасы сынды – кем дегенде 20 жыл уақытты алады», – дейдi С.Скляренко.

Оның
айтуынша, жобаның бастапқы кезеңi 5-7 жыл уақытты алмақ. «Жақсы нәтижеге қол
жеткiзсек, алғашқы жолбарыстар 2020-2021 жылдан ерте пайда болмайды. Бұл
мақсатта экожүйенi қалпына келтiрiп қана қоймай, Iле маңында ерекше қорғалатын
табиғи аймақ құрып, тұяқтылардың басын көбейту керек», – деп толықтырды ол өз
ойын.

Ә.ТАЛАПТАН.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз