ҚАЗЫНА ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

51

0

ҚР Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің облыс
бойынша аумақтық жер инспекциясы алғашқы жартыжылдықта жер қойнауын
пайдаланушыларға жүргізілген бақылау шараларын қорытындылады.

Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа
да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер сондай-ақ заңда белгiленген
негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.

Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы жерді пайдалану мен
қорғауға бағытталған шараларды қатаң бақылауда ұстап, облыс аумағында жұмыс
жасап жатқан жер қойнауын пайдаланушылар қызметтерінде ҚР жер заңдылықтарының
сақталуына жүйелі тексеру жүргізіп отырады. Атап айтар болсақ, есепті кезеңде
15 жер қойнауын пайдаланушыға, оның ішінде мұнай және газ компаниялары – 9, кең
таралған пайдалы қазба байлықтарын барлау және өндірумен айналысатын тұлғалар –
6, барлығы 21 тексеру жүргізілді. Онда жалпы көлемі 1463,39 гектар жер учаскесі
қамтылды.

Тексерулер нәтижесінде 14 тұлға тарапынан көлемі 359,14 гектар жер
учаскелерінде 24 жер заңдылықтарының бұзылу фактілері орын алғаны анықталды.
Осы 24 құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Рес­публикасы әкімшілік құқық
бұзушылық заңдылықтарына сәйкес заңды және құқық бұзушылықтарға жол берген
лаузымды тұлғалардың үстерінен 49 әкімшілік іс қозғалып, 29 әкімшілік іс
бойынша 15 млн. теңгеден астам айыппұл салынса, 20 әкімшілік іс бойынша ескерту
түрінде жазалар қолданылды. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардан жерге және қоршаған
ортаға келтірілген 109560 теңге зиян сомасы есептелініп, мемлекет кірісіне
өндірілді. Әкімшілік жазамен қатар 24 заң бұзушылық бойынша оны жою туралы 15
нұсқама беріліп, қазіргі таңда қойылған талаптар орындалды.

Орын алған құқық бұзушылықтардың оны уақытша иеленген мемлекеттік жер
учаскелерін мерзімінде қайтармау, тоғызы уақытша иеленген жерді мақсатына орай
пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау, үшеуі
мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иелену және екеуі жерді нысаналы мақсатында
пайдаланбау болып отыр.

Облыс бойынша аумақтық жер инспекция­сы алдағы уақытта да облыс көлемінде
жер қойнауын пайдаланушылардың қызметтерінде бақылау шараларын жүйелі түрде
жүргізетін болады. Осы орайда жеке және заңды тұлғалар өз қызметінде Қазақстан
Республикасы жер заңдылықтарының сақталуына аса мән беру қажеттігін назарға
салғымыз келеді.

 

Қанат СЕРІКБАЕВ,

облыс бойынша аумақтық жер

инспекциясының жерді пайдалану

мен қорғауды мемлекеттік бақылау

бөлімінің басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз