12маусым – «Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы” күрес күні. Осыған орай облыстық білім, ішкі істер, ішкі саясат басқармалары ақпараттық науқан ұйымдастырды.
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметіне сүйенсек, 5-17 жас аралығындағы 218 миллионға жуық бала өздерінің жасына сәйкес келмейтін жұмыс істейді және осы балалардың үштен екіге жуығы еңбекті қанаудың ең ауыр түрлеріне тартылған. Науқанның жаз айында өткізілуінің бірден-бір себебі – бұл кезең балалар мен жасөспірімдердің жұмысқа көптеп орналасатын уақыты.
Рейд барысында «Бумер” көлік жуу орталығында кәмелет жасына толмаған 17 жастағы мектеп оқушысы, орталық базарда сусын сатып отырған 15 жастағы №233 мектептің оқушысы, киім саудасын жүргізіп отырған 17 жастағы колледж студенті мен №5 мектептің 15 жастағы оқушысы кездесті.
– Науқанды ұйымдастырудағы мақсат бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау, сонымен бірге адам саудасын, балаларды еңбек қанауына тартудың алдын-алу бойынша оқушылар мен ата-аналар, жұмыс берушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Науқан аясында «Түнгі қаладағы балалар”, «Жасөспірім”, «Көше” атты кең ауқымды шаралар ұйымдастырылды, – дейді облыстық білім басқармасының бас маманы Шолпан Жүнісова.
Айта кетейік, аталмыш шара «Біз Қазақстан балаларымыз!”, «Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!” атты бүкілқазақстандық акция шеңберінің негізінде жалғасуда.
Назерке
БАЙДІЛДАЕВА,