“БАЛАҒА МЕЙІРІМ СЫЙЛА”

50

0

Елімізде «Қазақстан-2050”
ст­ра­тегиясындағы балалардың өмір сүру
сапасын жақсарту жө­ніндегі жаңа әлеуметтік саясат­ты іске асыру мақсатында жыл сай­ынғы
жүргізілетін «Мектепке жол” ат­ты
қайырымдылық ак­ция­­сы Сыр бой­ында биыл да жара­сым­ды жал­ғасып келеді.

Қызылорда. «Хақ-Нұр” ад­во­­каттық кеңесінің директоры, об­­лыстық мәслихат депутаты Нұр­­мұрат Ермановтың есімі сыр­бой­ы­лықтар арасында әркез құр­метпен аталады. Балаға, оның ішін­де тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасы балаларына қуа­ныш сыйлау – оның айнымас се­рігі. Биыл да белгілі кәсіпкер өзі­нің жылдар бойы қалыптасқан дәс­түрінен тана қоймады. Талды­арал елді мекеніндегі №215, Ма­ханбетов ауылындағы №143 жә­не №268, қаладағы №101 білім ошағының әрқайсысына 30 мың теңге көлемінде қаржылай кө­мек берді. Сондай-ақ облыс­тық соқырлар қоғамының есебін­­де тұ­ратын, мүмкіндігі шек­теу­­­лі от­басыларындағы 9 бала­ның әр­­­­қайсысына 16 мың тең­генің қа­­жетті оқу-құрал­да­ры мен киім­дерін әперді. Олар­дың ара­сында Алтынкүл Сы­ды­қованың 2 және Жанар Раман­құлованың 3 бірдей баласы бар.

Арал ауданы. Қаратерең ауы­л­ындағы №82 орта мектеп­тегі мүм­­кіндігі шектеулі отбасы бала­ларына, оның ішінде мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 15 бүлдіршінге мектеп түлегі қазалылық кәсіпкер Гүл­шат Сүйінішбаева 100 мың тең­геге сөмке, оқу құралдарын табыс етті. Тағы бір кәсіпкер Мейрамкүл Жүлекешова мүм­кін­дігі шектеулі отбасының – 2, қорғаншылықтағы тәрбиедегі – 2, аз қамтамасыз етіл­ген от­басыларының 18 баласына 100 мың теңгенің аяқ киімін бо­сат­ты. Бұл екі кәсіпкер де бірі үш, екіншісі екі жылдан бері жер­лес­теріне демеушілік жасап ке­леді.

Акция барысында аудандық мәслихаттың депутаты, мектеп ди­ректоры К.Мақанов тұрмысы төмен отбасынан шыққан 2 оқу­шыға оқу құралдарын алып бер­­ді. Сонымен қатар ау­ыл ме­шіті 20 мың, жеке кәсіпкер Май­­ра Тілеулесова 5 мың, ау­ыл тұрғындары 6800 тең­ге кө­ле­мінде демеушілік көр­сетіп, аз қам­та­ма­сыз етілген отба­сы­лардың 9 ба­ласына мектеп фор­масы мен оқу құралдары әпе­рілді. Ал аудан бой­ын­ша әлеуметтік жағынан аз қам­тылған отбасылардың 46 ба­ла­сына 231800 теңгенің көмегі көр­сетілді. Игі істің жарасымды жал­ғасары хақ.

Сырдария ауданы. Қазақ­стан Коммунистік халық пар­тия­­­сы облыстық комитетінің ұй­­­ым­дастыруымен Бесарық ау­­ыл­­ындағы №147 орта мек­теп­тің биылғы 1 сыныбына қа­былданған 21 оқушыға көмек көр­сетілді. Ау­ыл­дың Мәдениет үйінде өт­кен салтанатты ша­ра­да ҚКХП облыстық коми­тетінің бірінші хат­шысы Тал­ғат Телеубаев партияның «Мек­тепке жол” акциясына жыл сайын қатысатынын, тұр­мы­сы тө­мен отбасы бала­ларына мүм­кін­дігінше көмек бері­ле­тінін, демеу­шілікті жеке кәсіп­керлікпен айна­лысатын партия мүшелерінің жа­сай­тынын тілге тиек етті. Ауыл тұрғындары, ата-аналар жиналған шарада мек­­теп табалдырығын би­ыл ат­­таған бүлдіршіндерге қа­ла­лық жеке кәсіпкерлер Бау­ыр­жан Бәкіров пен Қуаныш Сы­дықовтың демеушілігі нәтиже­сінде 73,5 мың теңгеге алынған қа­жетті оқу-құралдары мен сән­ді сөмке табысталды. Ауыл әкі­мі Қанат Жармағанбетов, мек­теп ди­­рек­то­рының тәрбие ісі жө­нін­дегі орынбасары Бекболат Жұ­ма­ділдаев жомарттық танытқан пар­тия мүшелеріне алғыстарын біл­дірді.

Облыстық кәсіпкерлер па­ла­­тасы. Тұрмыс жағдайы тө­мен, көпбалалы, мүмкіндігі шек­теулі отбасы балаларының жағ­дайы кәсіпкерлерді де бейжай қалдырмады. Облыстық кәсіп­кер­лер палатасының директоры Дін­мұхамед Әбсаттаров бұл ма­­ңызды шарадан 7 аудандағы фи­лиалдың да тысқары қал­ма­ға­нын, қала­ның өзінен ға­на 2 млн. теңге кө­ле­мінде қар­жы жиналғанын, со­ның нә­ти­же­сінде 80 оқушыға қар­жылай жә­­не материалдық кө­мек көрсе­тіл­генін атап өтті. Бас­шының айтуынша, акцияға сал­ған қар­­жысын жария етпейтін кә­сіп­керлер қатары да баршылық екен. Тағы бір айта кетер мәселе, кә­сіпкерлер палатасының қыз­мет­­керлері өздерінің бір күндік айлық табыстарын аталмыш акция қо­рына аударды.

Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз