БАСПАСӨЗ – 2014

50

0

АЙМАҚ ӨМІРІНІҢ АЙНАСЫ

«Дәрігер» деген бір ауыз сөздің өзінен көп сырды аңғарасыз. Осынау мамандық иесі атану абырой әрі зор жауапкершілік екені даусыз. Ел арасында дәрігерлер қауымын «Ажалдың арашашылары» деп те атайды. Әрбір науқастың сенен шипа күтетіні тағы анық. Соған орай кәсіби шеберлігіңді шыңдау күн тәртібінен түспеуге тиісті. Бүгінгі таңдағы дамыған медицина саласы білім жетілдіруді қатал талап етеді. Бұл мәселе біздің ұжымда қашанда назарда ұсталады. Ауруханадағы дәрігерлердің басым бөлігі бірінші санатты болуы сөзіміздің дәлелі. Яғни дәрігерлерімізді тұрақты түрде оқуға жіберу жолға қойылған.

БАСПАСӨЗ – 2014Жақсы сөз – жарым ырыс. Бұл әсіресе медицина саласында өте маңызды. Ауруды тек дәрімен ғана емес жылы ықыласпен де емдеуге болатыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында қазақстандықтардың денсаулығын сақтауға, өмір сүру жасын ұзартуға баса мән беріледі. Елбасымыздың «Салауатты өмір салтын ұстану және медициналық кадрлық-технологиялық дамыту қазақстандықтардың өмір жасын 80 жылға дейін ұзартады. Қазақстан медициналық туризм саласы бойынша еуразиялық орталықтардың біріне айналады» деген сөздер дәрігер ретінде мені қатты толғандырды. Адамның өмір сүру ұзақтығы осындай деңгейге көтерілуі үшін салауатты өмір салтын ұстану, таза ауа, көркем табиғат, дұрыс тамақтану, дәрігерлік қағидаттарды мүлтіксіз сақтау қажет екені баршаға аян.

Қазалы теміржол ауруханасы Үкімет қаулысымен «тегін медициналық көмектің кепілдік берген көлемі» шеңберінде халыққа қалтқысыз қызмет жасауда. Ауруханаға қарасты емханада сапалы ем беріледі. Өз ішінен дәрі дайындайтын дәріхананың болуы да басты ерекшелігінің бірі. Мұндағы хирургия, терапия, гинекология, неврология, педиатрия бөлімшелерін тәжірибелі мамандар басқарады. Сондай-ақ физикалық емдеу кабинеті, қатты толқынды терапия, қол, мойын массаж құрылғысы, самырсын (кедр) саунасы, тұзды емдік ваннаның әлденеше түрі, суда көпіршік арқылы емдеу, Су-Джок терапиясы көпшіліктің көкейінен табылуда. Жансақтау бөлімшесі орталықтандырылған оттегі беру жүйесімен, барокамера, инфузиялық шприц, насос апараттары, басқа да озық технологиялармен жасақталған. Ауруханадағы параклиникалық бөлімшелерде клинико-диагностикалық, бак­териологиялық, биохимиялық, имунно-ферментті лабораториялар орналасқан. Компьютерлік тамография облыс орталығынан жырақтағы аудан үшін өте маңызды десек, жаңылмаймыз.

Дүбірлі дүниедегі жаңалықтарды дер кезінде білу жан сарайыңды ашары хақ. Облыстық «Сыр бойы» газеті біздің ұжымның сүйікті басылымдарының бірі. Ұжым мүшелері аталмыш газетке ұзақ жылдардан бері тұрақты түрде жазылып келеді. Осынау қалыптасқан дәстүрден биыл да жаңылған жоқпыз. Ұжымдағы 100-ден астам адамның 2014 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылуы соның айғағы. Сөзі мағыналы, ойы ұшқыр басылымды асыға күтеміз. Шығармашылық ұжымға табыс тілейміз.

 

Құбыл Ршымбетов,

Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері.

 

 

80 ҰСТАЗДЫҢ СЕРІГІ

 

Біздің болашаққа барар жолымыз жаңа мүмкіндіктерді тиімді жүзеге асыруымызға байланысты. Жаңа ғасырдағы дамыған елде халқы белсенді, білімді болуымен қатар салауатты өмір салтын ұстанған денсаулығы мықты азаматтар болуы тиіс. Бұл жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа арнаған Жолдауларында орынды дәйектер беріп, бағыт көрсетіп келе жатқандығы анық.

БАСПАСӨЗ – 2014Жалпыға бірдей осы міндеттерді одан әрі жетілдіріп, жергілікті жерлердегі жағдайлармен ұштастыру барысында облыстық аға басылым – «Сыр бойы» газетінің орны ерекше. Газеттің сапалы шығуы мен қатар ондағы материалдардың тартымдылығы мен өмірмен байланыстылығы өз оқырмандарын қанаттандырып, қанағаттандырып келе жатқандығы анық. Мектеп ұжымы басылымда жарық көрген мақалаларды оқып, бірлесе талқылап отырамыз. Әсіресе, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты материал­дар топтамасы ұстаздар қауымы мен оқушыларды қызықтырады. Сонымен бірге, танымдық, тәрбиелік тақырыптарды қамтыған мақалаларды да сүйсіне оқимыз. Ел әлеуеті көтеріліп келеді, енді соған орай, сол игіліктерді пайдаланатын ұрпақ та жоғары адамгершілік тұрғысынан көрінуі керек деп ойлаймын.

Жуырда мектебімізде «Сыр бойы» газетінің басшыларымен кездесу өткізіліп, оқырмандар тарапынан ұсыныстар айтылып, газеттің алдағы жос­парларына да құлақ түрдік. Мәнді де маңызды әңгіме бізге терең ой салып, биылғы жылы ұжымымызда 80 адам өзіміздің сүйікті газетімізге жазылды. Ол әлі де жалғасын таба беретін болады.

Мұрат Тұрабаев,

№ 46 мектеп директоры.

Шиелі ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз