БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ЖИНАЛЫСЫ

51

0

Облыс әкімдігі жанындағы бастауыш ардагерлер ұйымының есеп беру, сайлау жиналысы болып өтті. Онда өткен мерзімде бастауыш ұйымда есепте тұратын ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге байланысты атқарылған жұмыстар жайлы ұйым төрағасы А.Дәулетов баяндама жасады. Баяндаманы талқылауға ұйымда есепте тұратын еңбек ардагерлері Ы.Қалиев, С.Далдабаев, Н.Тоқмырзаев, Қ.Табынбаев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары К.Ермағамбетова қатысты. Шығып сөйлеушілер есепті мерзімде бастауыш ұйымда атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, ұйым жетекшісіне жылы лебіздерін білдірді.
Жиналыста ұйымдық мәселе қаралды. Денсаулық жағдайына және өз өтінішіне байланысты А.Дәулетов ұйым төрағасы қызметінен босатылды. Осы салада атқарылған белсенді қызметі үшін оған облыс әкімдігі мен мәслихатының Құрмет грамотасы тапсырылды.
Жиналыста бастауыш ұйым төрайымы болып Раушан Мүсәфірова сайланды.
Жиналысқа облыстық мәслихат хатшысы Б.Еламанов, облыс әкімдігінің аппарат жетекшісі Қ.Жайсаңбаев қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз