БАСЫЛЫМ БЕДЕЛІ ОҚЫРМАНМЕН БИІК

39

0

Аймақ басылымдарының
қарашаңырағы – «Сыр бойына» жазылуда қазалылықтар қашанғысындай белсенділік
танытты. Екінші жартыжылдыққа аудан бойынша 3505 дана жазылуы соның айғағы.
Жазылу мерзімінің аяқталмағанын ескерсек, бұл көрсеткіш әлі де жоғарылай түсері
анық.

Қазалылық оқырмандардың легін
білім, денсаулық, мәдениет, ішкі істер, теміржол саласы қызметкерлері бастап
тұр. Олардан халық қалаулылары да қалыс қалмапты. Әсіресе облыстық мәслихат
депутаты Самұрат Имандосов басқаратын «РЗА» акционерлік қоғамын ерекше атап өткен жөн. Аудандағы барша
шараларда жоғары деңгейден табылатын Самұрат Жұманұлының ұжымы аймақтағы ата
басылымға жазылуда өзгелерге үлгі болды. Сүйсінерлігі, қоғамнан зейнеткерлікке
шыққан ардагерлерді, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды газетке жаздырудың
шығынын Сәкең өз жауапкершілігіне алды. Бұл жыл сайын жалғасып келеді. Осылайша
акционерлік қоғамда еңбек ететіндердің дені «Сыр бойының» тұрақты оқырманы
саналады.

Сондай-ақ облыстық мәслихат
депутаты Құлпыбай Ысқақ, аудандық мәслихат депутаттары Нұрлан Алмағамбетов,
Талғат Әліпбаев, Болат Ахметов басшылық жасайтын қауымға да айтар алғысымыз шексіз. Шынар Жеңсікбаева қарындасымыз
басқаратын «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығы ауданда ең алғашқылардың
бірі болып жазылды.

Газет-журналдарды тарату –
өзекті тақырыптың бірі. Бұл жұмыспен ауданда «Қазпочта», «Евразия пресс»
мекемесі айналысады. Газет-журналдардың оқырман қолына кеш тиетіні жайлы
айтылып та, жазылып та жүр. Баспасөзге жазылу басталғанда «Қазпочта» торабының
басшысы еңбек демалысында екен. Іштей «басшы болмаған соң қалай болады?» деп
қауіптенген едік. Күдігіміз бекерге шықты. Мекеме басшысының орынбасары Айдос
Қуандық, есепші Жанымкүл Ұзақбаева, Әсия Ағасылова, баспасөз нұсқаушысы Әлияш
Шыманова, өзге де ұжым мүшелері толымды еңбек етті. Қыруар іс тындырылды.
«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген осы болса керек…

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Қазалы ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз