Бауыржан Жауынтаев чемпион атанды

36

0

Бауыржан Жауынтаев чемпион атандыҚытайдың
Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындары басталып
кетті. Алдағы уақытта ересектер арасындағы дүниежүзілік додаларда дүбір
қыздыратын дүлділ атануға бас­ты үміткерлер бақ сынап жатқан айтулы жарыстың
алғашқы күндерінде Қазақстан құрамасының қоржынына алтын түсті. Сыр ұланы Бауыржан Жауынтаев чемпион атанды.

Ол өткен жылы АҚШ-тың Майами қаласында өткен дзюдодан
әлем чеипионатында 55 келі салмақта топ жарған еді. Араға жыл салып, тағы да
сондай жоғары жетістігін қайталап отыр. Осы жарыста да Бауыржан аталмыш
салмақта сынға түсіп, қарсыласының барлығын қоғадай жапырды. Ақтық сында
әзірбайжандық спортшы Натиг Гурбанлимен белдесіп, оның жауырынын жерге тигізді.
Осылайша жанкүйерлерді толайым табысымен қуантты.

Ә.ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз