БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

93

0

Жуырда облыстықішкі саясат басқармасының мұрындықболуымен журналистер арасында «Терроризммен діни экстремизмнің алдыналу және салдарынжою” тақырыбында облыстықбайқау жарияланған болатын. Оғанаудандық, қалалық жәнеоблыстық БАҚ өкілдеріқатысып, өзара бақсынасты.

 

Байқаудың негізгі мақсаты – ел ара­сында терроризм мен діни экст­ре­­мизмнің алдын алу және бұл ба­ғыт­пен күрес жолын кеңінен наси­хат­тау шараларын ұйымдастыру, тұрғын­дардың діни сауатын ашуға ықпал ету болып табылады.

Жалпы, қатысушылардың мате­ри­ал­дарын сараптау барысында ар­найы құрылған сарапшылар тобы бай­қау тақырыбының жан-жақты зерт­те­луі­не, өзектілігіне, мазмұны мен жур­на­листің шығармашылық ізденім­паз­ды­ғына, қолданылған әдістеріне баса мән берді.

Сонымен, аталмыш байқау қоры­тын­дысына орай жиын өтіп, онда бас­қарма басшысы Руслан Рүстемов сөз алып, байқаудың маңыздылығына ке­ңі­нен тоқтала келе, жеңімпаздарды ма­­рапаттады.

Онда Облыстық «Қазақстан-Қы­зыл­орда” телеарнасының редакторы Ә.Жолтаевтың «Ақиқат алаңы” ха­ба­ры үздік деп танылса, басылым бе­тіндегі үздік мақала бойынша аудан­дық «Жаңақорған тынысы” газетінің тілшісі Самат Абдішевтің «Діни сау­атты арттыру – бүгінгі күннің тала­бы” атты тақырыптағы материалы са­рапшылар көңілінен шықты. Ал, «Қызылорда таймс” газетінің тілшісі Анастасия Кирсанованың материалы да жоғары бағаланды.

Шара соңында жеңімпаздарға ба­ғалы сыйлықтар мен алғыс хаттар та­быс етілді. Және де алдағы уақытта мұндай игі бастамалар одан әрі жалға­сын табатын болды.

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз