Байланыс желілерінің өткізу қабілеттілігі кеңейтілді

76

0

Облыстық телекоммуникация
дирекциясы Шиелі, Жаңақорған аудандары аумағында байланыс желілерінің өткізу
қабілеттілігін кеңейту бағдаламасы тұрғысындағы межелі жұмыстарын аяқтады.

Жуырда мекеме мамандары
Жаңақорған ауданының Екпін­ді, Қожамберді ауылының тұр­ғындарымен кездесіп,
байла­нысшылардың мемлекеттік бағ­­дарламаны жүзеге асыру ба­­рысындағы
жүргізген жұ­мыс­­тары туралы мәлім ет­ті. Со­нымен қатар бұл ауыл­дарда iD TV
интерактивті те­ледидар қызметі қолжетімді бол­ғандығы нақты жағдайда көр­сетіліп,
барлық қызығушылық танытушыларға жұмыс істейтін тарифтік жоспарлармен та­ны­суға
және бір мезгілде қыз­метке қосылуға мүмкіндік жа­салды.

Мемлекет басшысының тап­сырысына сай жоғарыда атал­ған байланыс аясының ке­ңеюі
әуелі тұрғындар саны 250 адамнан асқан елді мекендерде жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта облыстың барлық аудан орталықтары оптикалық байланыс
желілерімен қамта­масыз етілген. Ондағы барлық тұр­ғындардың iD Phone жә­не iD TV қызметтерін қол­да­нуға мүмкіндіктері
бар. Сондай-ақ, облыстың бар­лық аймақтарында аудан орталық­тарынан алшақ
орналасқан ауылдық елді мекендерді ай­мақтық талшықты-оптикалық бай­ланыс
желісіне қосу бойын­ша құрылыс жұмыстары жүр­гі­зілуде. Елді мекендерге жа­ңа
жабдықтарды орнату тұр­ғындарды тек сапалы телефон байланысымен қамтамасыз етіп
қоймай, 8 Мбит/с жыл­дамдықтағы интернет желісіне қосу мүмкіндігі берілді.

Нұрмахан Елтай.

Жаңақорған,

Шиелі аудандары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз