БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

45

0

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫЖуырда
облыстық салауатты өмір салтын
қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан-2050” Жалпыұлттық қозғалысы
аясында «Елдің күші – бақытты отбасы” атты акция болып өтті. Оған «Ақ босаға”
әйелдер бірлестігінің төрайымы М.Аңсатова, қоғамдық бірлестіктер, жас­тар
ұйымының өкілдері, ерікті жастар, ата-аналар және бүлдіршіндер қатысты.

Шараның
негізгі мақсаты – отбасы шағын мем­лекет болса, оның ең басты маңызы татулығы
мен бірлігі. Ба­лалардың бақытты да жарқын отбасында тәрбиеленуі қоғам үшін
маңыз­ды болып табылады. Әрбір бала толыққанды отбасында тәлім- тәрбие алуы
тиіс. Осы орайда аталмыш шара бары­сында салауат­ты өмір салтын қалыптастыру
орталығының директоры Қ.Мырзахметов сөз алып, акцияның ерек­шелігіне тоқталып,
мұн­дай шара елі­міздің түкпір-түк­пірінде өтіп жат­қандығын тілге тиек етті.

Сонымен
қатар қала аумағындағы ойын алаңдарында игі шаралар өт­кізілiп, отбасылық байқаулар жарияланып, акция өз жалғасын
табуда.

Жиында
концерттік бағдарлама ұсынылып, онда бүлдіршіндер ән жырдан шашу шашып, мың
бұрала биледі. Спорттық, ұлттық ойын түрлерінен өзара бақ сынасып, асфальтқа
сурет салудан жарысты.

Шара
соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз