БЕЛГІЛІ АЗАМАТҚА ҚҰРМЕТ

57

0

Осы аптаның бейсенбісінде облыс әкімдігінде белгілі азамат, еңбек ардагері Қорғанбек Қайруллаевтың 70 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті. Бұл шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, мерейтой иесіне тілектестігін білдірді. 
Аймақ басшысы өз сөзінде Қ.Қайруллаевтың Сыр өңірінің дамуы мен өркендеуіне айтарлықтай еңбек сіңіргенін атап өтті. Еңбек ардагері ұзақ жылдар бойы түрлі салада жемісті қызмет жасады. Еңбек жолын қарапайым механизаторлықтан бастаған ол облыстың кеңес төрағасының орынбасары, басқарма басшылығын абыроймен атқарған ол қазір облыстық сайлау комиссиясы төрағасы. 
Осындай атқарған жұмыстары үшін Қ.Қайруллаев түрлі медальдар мен марапаттарға ие болған. Олардың қатарында «Қарулы Күштердегі ерен қызметі үшін», «Ерен еңбегі үшін» және «Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагері» секілді өзге де наградалары бар. Сондай-ақ, ол «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері». Салтанатты рәсім барысында облыс әкімі мерейтой иесіне Құрмет грамотасын табыс етті. 
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов, белгілі еңбек ардагері Тұрғанбай Маханов мерейтой иесіне тілектестігін білдіріп, ұзақ жылдар бойы атқарған қызметіне ризашылығын білдірді. Мерейтой иесінің иығына қазақы дәстүрмен шапан жабылып, өзге де құрмет көрсетілді. 
Әділжан ҮМБЕТ.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз