«БЕЛСЕНДІ ӨМІР – ЖҮЗ ЖАСТЫҚ ҰЗАҚ ҒҰМЫР»

66

0

«БЕЛСЕНДІ ӨМІР – ЖҮЗ ЖАСТЫҚ ҰЗАҚ ҒҰМЫР»Сенбі күні Қызылорда қаласындағы орталық алаңда дәстүрлі Денсаулық
фестивалі өтті. Биыл елімізде 15-рет өтіп отырған фестиваль 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты
Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында«Белсенді өмір – жүз жастық ұзақ ғұмыр!» ұранын басшылыққа алды. Оған облыс әкімінің орынбасары Ақмарал
Әлназарова қатысты.

Саламатты өмір салтын на­си­хаттау және бұқаралық
спорт­қа тұрғындардың ынтасын оя­ту мақсатында елімізде 1999 жы­лы қыркүйек
айында респуб­ли­калық Денсаулық фестивалі ұй­ымдастырылған болатын. Сонан бері
бұл шара еліміздің барлық өңіріндедәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мәселен, 2003 жылы «Өмір – Қозғалыс –
Денсаулық» ұранымен ұйымдастырылған ак­­­­ция­­ға бір сәт­те 5 млн-дан ас­там
қазақстандық қатысып, де­­не­­шы­нықтыру жаттығуын жа­саған болатын. Сөйтіп,
бұл рес­публикада ғана емес, сонымен бір­ге әлемде тең­десі жоқ оқиға ретінде
бағала­нып, Гин­нестің ре­кордтар кіта­бы­на тіркелген. Оған қоса Дүние­жүзілік
Ден­сау­лық сақтау ұйы­мы­ның арнайы сый­лы­ғымен мара­патталған еді.

Биылғы фестиваль да өзі­не сай на­қышпен өткізілді.
Атап айт­­­қан­да, Тас­бөгет кенті­нен ор­­­­­та­­­­лық ала­ң­ға дейін вело­ше­ру
ұй­ым­­дас­тырылып, гимнас­ти­­­­ка­­­­­­лық жат­­тығулар жасал­ды, жас­­­тар
флеш-мобы да көп­ші­лік­­тің на­за­рын аударды. Ак­ция ба­ры­­сында сондай-ақ,
орта­лық алаң­да ар­­қан тарту, қол күре­сі, гір тасын көтеру секілді спорт­тық
ойындардан сайыстар өт­кі­­зіліп, оқушылар арасында су­­рет байқауы жүргізілді.
Фес­­ти­вальді тамашалауға кел­ген қызыл­орда­лық­тар ар­найы құ­рылған меди­цина қала­шы­ғын­дағы
мамандарға қара­луға мүмкіндік алды. Ол жер­де қаладағы емханалардың мамандары
қажетті кеңестер бе­ріп, медициналық тексерулер жүр­гізді, ақпараттық-танымдық
ма­те­риалдар таратты. Тұрғын­дар­дың бірі салмағын өлшетіп жатса, енді бірі
қан қысымын тексертуде.

Фестивальда облыс әкімінің орынбасары Ақмарал
Әлназарова қызылордалықтарды Денсаулық кү­ні­мен құттықтап, жылы лебізін
білдірді.

– Құрметті қызылордалықтар, қала қонақтары! Сіздерді
бүгін­гі Денсаулық күнімен шын жү­рек­тен құттықтаймын. Сала­мат­ты өмір салтын
дамыту – біз­дің мем­лекетіміздің басты саяса­тының бірі. Осы орайда 2011-2015
жыл­дарға арналған «Саламатты Қазақ­стан» мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп,
жүзеге асырылуда. Бағдарлама барысында елімізде, оның ішінде біздің өңірімізде
де ауқымды жұмыстар атқары­луда. Атап айтқанда, тұрғын­дар денсаулығын қорғау,
медицина­лық қызметтің қолжетімділігін арт­тыру, бұқаралық спортты да­мы­туда
біздің облысымызда ат­қа­рылып жатқан игілікті істер жетерлік. Бүгінгі мына
Денсаулық фестивалінің өзі осы сөзіміздің дә­лелі. Денсаулық күні тағы да құтты болсын,– деп
жылы лебізін жеткізді.

Өз кезегінде қалалық ар­дагерлер кеңесінің төрағасы
Аман­гелді Әбдібаев жастарды бел­сенді өмір сүруге, саламатты өмір салтын
ұстануға шақырып, ақ батасын берді.

Соңында «Салауатты кол­ледж», «Салауатты өмірдің жар­шы­сы»,
«Саламатты ұс­таз», «Са­­ла­матты ұрпақтың тәр­бие ұя­­сы», «Ұрпақтар сабақ­тас­ты­ғын
жалғаушы», «Саламатты жастар­дың жанашыры» номинациялары бойынша «Саламатты
Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын өңірі­міз­де жүзеге асыруда белсенділік
танытқан мекемелер мен елеулі үлес қосып жүрген азаматтар облыс әкімі
орынбасарының сер­ти­фикатымен марапатталды жә­не бағалы сыйлықтар табыс етіл­­ді.
Сонымен бірге, спорттық сайыстардың жеңімпаздары анық­­та­лып, олар­ға
фестивальдің ар­найы дип­ломы және сыйлықтар та­бысталды.

Шара жергілікті өнерпаз­дар­дың концерттік бағдар­лама­сы­мен
жалғасты.

Айнұр БАТТАЛОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз