Бес ауылға әкім сайланды

45

0

Шиелі аудандық мәслихатының депутаттары бес ауылдық округтің әкімдерін
сайлады. Аудан әкімі ұсынып, жергілікті жұрт қолдаған таңдаулы азаматтар
демократиялық үрдіс бойынша ауыл басшылығының тізгінін қолға алды.

Олардың арасында бұрын да ауыл әкімі
қызметін атқарған М.Әшірбеков, Ғ.Сейітов секілді жігіттермен қатар, құқық
қорғау саласында абыройлы қызмет атқарған Д.Сүйіндіков бар. Алғашқы екеуі
Төңкеріс, Қарғалы ауылдық округтері әкімдігіне сайланса, соңғысы Тартоғай
ауылын басқару сеніміне ие болды. Сол сияқты Сұлутөбе мен Алмалы ауылдарына да
жаңа әкімдер жіберілді.

Елбасының атқарушы билік алдына қойып
отырған міндеті өте ауқымды, сенім арқалаған азаматтарға оны орындау жолында
аянбай еңбек етумен бірге, кәсіби шеберлігін шыңдау, білімін жетілдіру
талаптары тұр. Осы үдеден шыққан басшы әрдайым абырой биігінен көріне
алады.

Нұрмахан Елтай.

Шиелі ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз