БЕТПЕРДЕЛІ ҚАРАҚШЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ

70

0

26 қыркүйек күні таңғы сағат 3:55-те Шиелі кентіндегі
букмекерлік кеңсенің кассир-операторы аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшісіне
қоңырау соққан. Оның айтуынша, сол түні 2 сағат 40 минут шамасында бетперде
киіп, шолақ мылтықпен қаруланған белгісіз азамат шабуыл жасаған. Сөйтіп
кассадағы 322 мың теңгені қалтаға басып, ізін жасырған.

Бұл хабарлама бойынша бөлім бас­шы­лығының басқаруымен
жеке құ­рам бірнеше бағытта жедел іздестіру жұмыс­тарын жүргізді. Көп ұзамай
тәртіп сақ­шыларының тұзағына түсіп, қашуға мүм­кіндігі қалмаған күдікті
өзін-өзі ат­пақ­шы болған. Алайда, полиция қыз­меткерлері арнайы тәсілдерді
қолдану ар­қылы оны қарусыздандырып, құрық­тап үлгірді. Тексеру барысында одан
оқталған шолақ мылтық пен бірнеше түйір оқтар, қара түсті бетперде мен бук­мекерлік
кеңседен қарақшылықпен қым­қырған ақша айғақ зат ретінде алын­ған.
Облыстық ішкі істер департаменті бас­пасөз қызметінің
хабарлағанындай, қа­зіргі таңда қарақшыға қатысты қыл­мыстық іс қозғалып, ол
Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақ­тысына
оқшауландырылыпты. Ен­ді қару асынған батырың 5 жылдан 10 жылға дейін бас
бостандығынан айы­рылуы мүмкін.
 
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз