Биыл 18 адам судан құтқарылды

54

0

Жыл басынан бері облыс көлемінде суда орын алған 22 төтенше оқиғада 24
адамның қаза болу дерегі тіркелді, оның
7-і бала 2013 жылы 29 суға кету оқиғасының 7-н балалар құраған еді.

Төтенше жағдайлар саласының мамандары кездескен
қиын­дыққа қарамай, облыстың су айдындарында жыл басынан 18 адамды құтқарды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы жағдайлар қыс
мезгілінде мұз астынан балық аулау кезінде, өзен немесе каналдардың кез келген
әрі зерттелмеген (ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар) жерлеріне суға түсу
мен судағы қауіпсіздікті сақтамауы, спирттік ішімдік ішіп, суға түсу және балалардың үлкендердің
бақылауынсыз су жағасына баруы мен суға түсуі салдарынан орын алады.

Сырдария өзенінің тереңдігі –12 метр, ені 50-80 метр тұстары кездеседі.
Кейбір тұсында су ағысы өте жылдам. Көпшілігі осы­ны ескермей, оқыс оқиғаға тап
болып жатады. Сонымен қа­тар, мектеп оқушылары, оқу орындарының жастары
суда жары­су, демалысын өзен мен
көлдердің кез келген жағасында ұйым­дастыруы қайғылы жағдайға әкеп соғуда.
Көбінесе судағы қауіп­сіздік ережесін сақтамайтындар 8-22 жас аралығындағы
жастар болып отыр.

Райан Ақниет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз